HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Жабдықтарға қатысты басқару тақтасында көрсетілген хабарларды
түсіндіру
<color> картриджінің тасымалдау бекітпесін алып тастаңыз
Сипаттамасы
Баспа картриджінің тасымал ілмегі орнатылған.
Ұсынылатын əрекет
Тасымал ілмегін картриджден шығарып алу үшін, қызғылт сары түсті жиекбелгіні тартыңыз.
10.100X жабдықтау жадының қатесі
Сипаттамасы
Белгілі бір баспа картриджінің жад микросхемасы ақаулы немесе мүлде жоқ.
«X» картриджді белгілейді: 0=қара, 1=көгілдір, 2=қызыл, 3=сары.
Ұсынылатын əрекет
Жад микросхемасын тексеріңіз. Бұзылған не зақымданған кезде картриджды ауыстырыңыз.
Картридж дұрыс орынға орналасқанын тексеріңіз.
Баспа картриджін қайта орнатыңыз.
Өнімді өшіріңіз, содан кейін қосыңыз.
Түсті картриджде қате болса, оны науад
а
ғы басқа түсті картриджбен ауыстырып көріңіз. Егер
сол хабар тағы да пайда болса, онда бұл механизм қатесі. Басқадай 10.100X хабары
көрсетілсе, картриджді ауыстырыңыз.
Мəселе шешілмесе, картриджді ауыстырыңыз.
Install [color] cartridge («[Түс] картриджді салыңыз»)
Сипаттамасы
Есік жабылғанда түсті картридждердің біреуі орнатылмаған.
Ұсынылатын əрекет
Көрсетілген түсті картриджді орнатыңыз.
Replace [color] («[Түсін] ауыстыру»)
Сипаттамасы
Тонер картриджі пайдалану мерзімінің соңына жақындады, өнім өте төменгі күйге жеткенде
басып шығаруды тоқтататын етіп пайдаланушымен реттеледі.
KKWW
Жабдықтарда пайда болған мəселелерді шешу
107