HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

HP ePrint қызметін пайдалану
HP ePrint қызметін құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың тіркемесі ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу
арқылы басып шығару үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: HP ePrint қызметін пайдалану үшін, өнім сымды не сымсыз желіге қосылған жəне
Интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
1. HP ePrint қызметін пайдалану мүмкін болуы үшін, HP веб қызметтерін іске қосу керек.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Веб-қызметтер
түймешігін түртіңіз.
ə. Включить веб-службы (Веб-қызметтерді қосу) түймешігін түртіңіз.
2. Өнімнің электрондық пошта мекенжайын басқарту тақтасында көрсету үшін, Веб-службы
HP (HP веб-қызметтері) мəзіріндегі Отображать адрес эл. почты (Электрондық пошта
мекенжайын көрсету) түймешігін басыңыз.
3. Қауіпсіздік параметрлерін анықтау жəне осы өнімге жіберілген барлық HP ePrint
тапсырмаларының əдепкі басып шығ
ару параметрлерін реттеу үшін, HP ePrintCenter веб-
торабын пайдаланыңыз.
а.
www.hpeprintcenter.com торабына өтіңіз.
ə. Жүйеге кіру түймешігін басып, HP ePrintCenter есептік жазба мəліметтерін енгізіңіз
немесе жаңа есептік жазба жасаңыз.
б. Тізімнен өніміңізді таңдаңыз немесе + Принтерді қосу түймешігін басып оны
қосыңыз. Өнімді қосу үшін, оның коды қажет болады. Кодөнімнің электрондық
пошта мекенжайындағы @ белгісіне дейінгі бөлігін құрайды.
ЕСКЕРІМ: Бұл код HP веб қызметтерін қосқаннан кейін тек 24 сағаттың ішінде
жарамды болады. Оның жарамдылық мерзімі аяқталғанда, HP веб қызметтерін
қайтадан қосу үшін, нұсқауларды орындаңыз.
в. Принтерден керексіз құжаттар басылып шықпауы үшін, ePrint параметрлері
түймешігін басып, Рұқсат етілген жіберушілер қойындысын ашыңыз. Тек рұқсат
етілген жіберушілер түймешігін басып, ePrint басып шығару тапсырмаларын жіберуге
болатын электронды пошта мекенжайларын қосыңыз.
г. Осы өнімге жіберілген барлық HP ePrint тапсырмалары үшін əдепкі параметрлерді
орнату үшін, ePrint параметрлері түймешігін басып, Басып шығ
ару оп
циялары
қосымша бетін ашып, пайдаланылатын параметрлерді таңдаңыз.
4. Құжатты басып шығару үшін, оны өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберілетін
электрондық хабарға тіркеңіз.
KKWW
HP ePrint қызметін пайдалану
131