HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Сканерлеу функцияларын қолдану
Сканер əйнегінен немесе құжат бергіштен құжатты сканерлеу үшін өнімді пайдаланыңыз.
Дуплексті үлгілерде сонымен бірге екі жақты құжаттарды сканерлеуге болады.
Сканерлеу əдістері
Сканерлеу тапсырмаларын келесі жолдармен орындаңыз.
● Құрылғының басқару тақтасынан USB құрылысына сканерлеңіз.
●
HP Scan бағдарламалық құралын пайдаланып, компьютерден сканерлеңіз
● TWAIN-үйлесімді немесе Windows Imaging Application (WIA)-үйлесімді бағдарламалық
құралдан сканерлеу
ЕСКЕРІМ: Мəтін тану бағдарламалық құралдары туралы оқып, оларды пайдалану үшін
бағдарламалық құралдың жеткізілетін ықшам дискісінен Readiris бағдарламасын орнатыңыз.
Мəтін тану бағдарламалық құралы оптикалық таңба тану бағдарламалық құралы деген атаумен
де белгілі.
USB құрылғысына сканерлеу
1. Қағазды сканер əйнегіне немесе құжат бергішіне салыңыз.
2. Құрылғының алдыңғы жағындағы портына USB құрылғысын енгізіңіз.
3. Негізгі экрандағы Сканерлеу түймесін түртіңіз.
4. Scan to USB Drive («Сканерлеп, USB құрылғысына сақтау») экранын түртіңіз.
5. Файлды сканерлеп, сақтау үшін Сканерлеу түймесін түртіңіз. Құрылғы USB құралында HP
атты қалта жасайды, сондай-ак а
в
томатты жасалған файл атауын пайдаланып,
файлды .PDF немесе .JPG пішімінде сақтайды.
ЕСКЕРІМ: Қысқа мазмұндама экраны ашылғанда параметрлерді реттеу үшін оны түртуге
болады.
HP Scan (Windows) бағдарламалық құралының көмегімен сканерлеу
1. Компьютер жұмыс үстеліндегі HP Scan («HP сканерлеу») белгішесін екі рет басыңыз.
2. Сканерлеу сілтемесін таңдап, қажет болса параметрлерді икемдеңіз.
3. Scan (Сканерлеу) батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша параметрлерге қол жеткізу үшін, Advanced Settings («Қосымша
параметрлер») тармағын таңдаңыз.
Арнаулы параметрлер жиынтығын жасап, оларды сілтемелер тізіміне сақтау үшін, Create New
Shortcut («Жаңа сілтеме жасау») пəрменін басыңыз.
172
Бап 11 Сканерлеу KKWW