HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Факсті орнату
Аппараттық құралдарды орнатыңыз жəне қосыңыз
Факсті телефон желісіне қосу
▲
Өніммен бірге берілген телефон кабелін өнімдегі факстың «line in» портына
жəне
қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
Өнім аналогтық факс құрылғысы болып табылады. НР компаниясы өнімді арнаулы аналогтық
телефон желісінде пайдалануды ұсынады. Егер DSL, PBX, ISDN немесе VoIP сияқты сандық
ортаны пайдаланып жатсаңыз, дұрыс сүзгілерді пайдаланыңыз жəне сандық параметрлерді
дұрыс реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін сандық қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір елдерде/аймақтарда құылғымен бірге берілген телефон кабеліне адаптер
қажет болуы мүмкін.
Қосымша құрылғыларды қосыңыз
Өнімде екі факс порты бар:
●
Өнімді қабырғадағы телефон ұясына қосатын факстың «line in» порты
.
●
Қосымша құрылғыларды өнімге қосатын «телефон» порты
.
Өніммен қосылып пайдаланылатын телефондарды екі əдіспен пайдалануға болады:
●
Қосымша телефон - бұл басқа жерде сол телефон желісіне қосылған телефон.
● Төменгі жақтағы телефон - бұл өнімге немесе өнімге қосылған құрылғыға қосылған
телефон.
Қосымша құрылғыларды келесі қадамдарда сипатталған тəртіппен қосыңыз. Əрбір құрылғының
шығу порты келесі құрылғының кіру портына жалғанып, «тізбек» құрады. Егер сіз белгілі бір
құрылғыны қосқыңыз келмесе, оны түсіндіретін қадамды тастап кетіп, келесі құрылғыға өтіп
жалғастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Телефон желісіне қосылатын құрылғылардың саны үштен артық болмауы керек.
ЕСКЕРІМ: Бұл өнімде дауыс поштасы қарастырылмаған.
1. Қосқыңыз келетін барлық құрылғылардың кабельдерін қуат көзінен ажыратыңыз.
2. Егер өнім əлі телефон желісіне қосылмаған болса, əрекет етуден бұрын өнімді орнату
жөніндегі нұсқаулықты қараңыз. Өнім телефон ұясына алдын ала қосылған болуы тиіс.
180
Бап 12 Факс KKWW