HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

10. Факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады.
11. Компания атын немесе тақырыбын енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін
түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Факс тақырыбындағы таңбалар саны ең көбі 25 болады.
Факс тақырыптарында жалпы локализацияланған əріптерді пайдалану
Тақырыпқа атыңызды енгізу үшін басқару тақтасын пайдалану кезінде немесе басу пернесі,
жылдам теру жазбасы немесе топтық теру жазбасы үшін атау енгізу үшін арнайы таңбаларды
қамтитын пернетақтаны ашу мақсатында 123 түймесін түртіңіз.
HP Fax Setup Wizard шеберін пайдалану
Бағдарламалық құралды орнатқан кезде факс орнату процесін бітірмеген болсаңыз, оны кез
келген уақытта HP Fax Setup Wizard шебері көмегімен бітіре аласыз.
1. Start Бастау») батырмасын басыңыз, сонан соң Programs (Бағдарламалар)
батырмасын басыңыз.
2. HP түймешігін басыңыз, өнім атын таңдаңыз да, HP Fax Setup Wizard түймешігін
басыңыз.
3. Факс параметрлерін реттеу үшін HP фа
ксты реттеу шеберіндегі экранда көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
KKWW
Факсті орнату
185