HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Басқа бағдарламалардан телефон кітабының мəліметтерін
пайдаланыңыз
ЕСКЕРІМ: Басқа бағдарламадан телефон кітабын импорттаудан бұрын сол басқа
бағдарламаның экспорттау функциясын пайдалануыңыз тиіс.
HP ToolboxFX контакт мəліметтерін келесі бағдарламалық құралдың телефон кітапшаларынан
импорттай алады.
Microsoft Outlook
Lotus Notes
Microsoft Outlook Express
HP компаниясының басқа өнімдерінің ToolboxFX бағдарламалық құралдарынан бұрын
экспортталған телефон кітапшасы.
Телефон кітапшасының жазбаларын жою
Өнімдегі бағдарламаланған телефон кітабының жазбаларын өшіруіңізге болады.
ЕСКЕРТУ: телефон кітабындағы жазбалар өшірілген жағдайда, оларды қайта қалпына
келтіру мүмкін емес.
1. Негізгі экрандағы Факс түймесін түртіңіз.
2. Факс мəзірі түймесін басыңыз.
3. Phone Book Setup Телефон кітапшасының
параметрлері») түймесін басыңыз.
4. Delete Entry Жазбаны жою») түймесін
басыңыз. Немесе, бүкіл жазбаларды жою
үшін Delete All Entries Жазбалардың
барлығын жою») түймесін түртіңіз.
5. Жойылатын жазбаны түртіңіз.
KKWW
Телефон кітабын пайдалану
187