HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Мөрленетін факстарды орнату
Өнім əрбір қабылданған факстің жоғарғы бөлігінде жіберушінің идентификациялық мəліметін
басып шығарады. Сонымен қатар, факстың қабылданған күні мен уақытын растау үшін кіріс
факстарын өзіңіздің тақырып ақпаратымен белгілеуге болады. Қабылданған факстарға штамп
басу параметрінің зауыттық стандартты мəні Өшірілген.
ЕСКЕРІМ: Кіруші штамп қою мүмкіндігін қосу қағаз аумағын азайтып, өнім екінші бетті басып
шығаруға мəжбүр болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Бұл опция өнім басып шығаратын қабылданған факстерге ғана қолданылады.
1.
Негізгі экрандағы Setup
Орнату») түймесін түртіңіз.
2. Fax Setup Факс параметрлері») мəзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup Күрделі параметрлер») мəзірін түртіңіз.
4. Stamp Faxes Факсқа мəлімет қосу») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де, Қосылған
түймесін түртіңіз.
Жеке қабылдау мүмкіндігін белгілеу
Құпия түрде қабылдау мүмкіндігі қосылғанда алынған факстар жадта сақталады. Сақталған
факстарды басып шығару үшін кілтсөз қажет болады.
ЕСКЕРІМ: Өнімнің факс жады толы болғанда, өнім басқа факс тапсырмаларын қабылдай
алмайды. Егер жеке қабылдау параметрі қосулы болса, факс жадын толтыруды болдырмау
үшін қабылданған факстер тұрақты түрде тексерілетінін жəне басып шығарылатынын немесе
жойылатынын тексеріңіз.
1.
Негізгі экрандағы Setup
Орнату») түймесін түртіңіз.
2. Fax Setup Факс параметрлері») мəзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup Күрделі параметрлер») мəзірін түртіңіз.
4. Private Receive Құпия факстарды қабылдау») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де,
Қосылған түймесін түртіңіз.
5. Жүйе кілтсөзі орнатыомаған болса, құрылғы оны жасауды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Жүйе кілтсөзі регистрге байланысты.
а. Жүйе кілтсөзін енгізу үшін OK түймесін түртіп, одан кейін пернетақтаны
пайдаланыңыз.
ə. OK түймесін түртіңіз, екінші рет енгізу арқылы кілтсөзді растаңыз, одан кейін кілтсөзді
сақтау үшін OK түймесін түртіңіз.
KKWW
Факс параметрлерін орнату
199