HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Факсті пайдаланыңыз
Факстің бағдарламалық құралдары
Сəйкес келетін факс бағдарламалары
Өніммен қосылып келетін компьютерлік факс бағдарламасы ғана өніммен жұмыс істеуге
жарамды болады. Компьютерде бұрын орнатылған компьютерлік факс бағдарламасын
пайдалануды жалғастыру үшін компьютерге бұрыннан қосылған модемді пайдаланыңыз; ол
құрылғының модемі арқылы жұмыс істемейді.
Факсті тоқтату
Ағымдағы уақытта нөмірі теріліп жатқан жеке факсті немесе беріліп немесе қабылданып жатқан
жеке факсті тоқтату үшін осы нұсқауларды пайдаланыңыз.
Ағымдағы факсті тоқтатыңыз
Басқару тақтасындағы Cancel Бас тарту») түймешігін басыңыз. Əлі берілмеген беттер
тоқтатылады. Cancel
Бас тарту») түймешігі басылғанда топтық теру тапсырмалары да
тоқтатылады.
Орындалуын күтіп тұрған факс тапсырмасын тоқтатыңыз
Бұл процедураны факс тапсырмасын мынадай жағдайларда тоқтату үшін пайдаланыңыз:
Бос емес сигналынан, жауапсыз шақырудан немесе байланыс қатесінен кейін өнім нөмірді
қайта теруді күтіп тұр.
Факс алдағы уақытта жіберілетін етіп жоспарланған.
Fax Job Status Факс тапсырмасының күйі») мəзірін пайдалану арқылы факс тапсырмасын
тоқтату үшін келесі қадамдарды пайдаланыңыз:
1. Негізгі экрандағы Факс тү
ймесін тү
ртіңіз.
2. Факс мəзірі түймесін басыңыз.
3. Send Options Факс жіберу параметрлері») түймесін басыңыз.
4. Fax Job Status Факс тапсырмасының күйі») түймесін басыңыз.
5. Тоқтатылатын тапсырманың факс нөмірін түртіңіз.
Факсті DSL, PBX немесе ISDN жүйелерінде пайдалану
HP өнімдері əдеттегі аналогтық телефон қызметтерімен бірге пайдалануға арналып жасалған.
Олар DSL, PBX, ISDN желілерінде жұмыс істеуге арналып жасалмаған немесе VoIP
қызметтерімен сəйкес келмейді, бірақ олар дұрыс реттеу мен жабдықдар қамтамасыз етілген
жағдайда жұмыс істеуі мүмкін.
KKWW
Факсті пайдаланыңыз
201