HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

ЕСКЕРІМ: HP компаниясы DSL, PBX, ISDN жəне VoIP реттеу опцияларын қызмет көрсетушімен
талқылап көруді ұсынады.
HP LaserJet өнімі цифрлық телефон жабдықтарының барлығымен үйлесе бермейтін аналогтық
құрылғы болып табылады (цифрлық-аналогтық түрлендіргіш пайдаланылмаса). HP компаниясы
өнімнің цифрлық жабдықтармен немесе цифрлық-аналогтық түрлендіргіштермен
үйлесімділігіне кепілдік бермейді.
DSL (Цифрлық абоненттік желі)
Цифрлық абоненттік желі (DSL) стандартты мыстан жасалған телефон сымдарын
пайдаланатын цифрлық технологияны пайдаланады. Бұл құрылғы сандық сигналдармен
тікелей үйлеспейді. Бірақ, цифрлық абоненттік желіні орнату кезінде конфигурация анықталған
болса, жиілік диапазонының бір бөлігін аналогтық сигналды (дауыс пен факс үшін) жіберуге, ал
қалған бөлігін цифрлық мəліметтерді жіберуге болатындай етіп сигналды бөлуге болады.
ЕСКЕРІМ: Цифрлық абоненттік желі қызметтеріне факстердің барлығы сəйкес келе бермеуі
мүмкін. HP компаниясы өнімнің барлық DSL абоненттік желілерімен немесе қызмет
көрсетушілерімен үйлесімділігіне кепілдік бермейді.
Қалыпты DSL модем жоғары жиіліктегі DSL модем байланысын төменгі жиіліктегі аналог
телефоны мен факс модемінің байланысынан ажырату үшін сүзгі пайдаланады. Əдетте, DSL
модемі пайдаланатын телефон желісіне қосылған аналог телефондары мен аналог факс
құрылғыларымен сүзігіні қолдану қажет болады. Əдетте, DSL қызметінің провайдері осы сүзгіні
қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат немесе көмек алу үшін DS
L қы
змет көрсетушісіне
хабарласыңыз.
PBX (Жеке пайдалануға арналған телефон жүйесі)
Өнім цифрлық телефон жабдықтарының барлығымен үйлесе бермейтін аналогтық құрылғы
болып табылады. Факс функциясы үшін цифрлық-аналогтық фильтрлер немесе
түрлендіргіштер қажет болуы мүмкін. Егер жеке пайдалануға арналған телефон жүйесінде
факсті пайдалану қажеттілігі пайда болса, көмек алу үшін жеке пайдалануға арналған телефон
жүйесінің қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз. HP компаниясы өнімнің цифрлық жабдықтармен
немесе цифрлық-аналогтық тү
рл
ендіргіштермен үйлесімділігіне кепілдік бермейді.
Қосымша ақпарат немесе көмек алу үшін жеке пайдалануға арналған телефон жүйесінің
қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
ISDN (Кешенді қызметтер көрсететін цифрлық желі)
Өнім цифрлық телефон жабдықтарының барлығымен үйлесе бермейтін аналогтық құрылғы
болып табылады. Факс функциясы үшін сандық-аналог сүзгілер немесе түрлендіргіштер қажет
болуы мүмкін. ISDN ортасына факсқа байланысты ақаулар пайда болса, көмек алу үшін ISDN
провайдеріне хабарласу қажет болуы мүмкін. HP компаниясы құрылғының ISDN сандық
орталарымен немесе сандық-аналог түрлендіргіштермен үйлесімді болатынына кепілдік
бермейді.
20
2
Ба
п 12 Факс KKWW