HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Факсті VoIP қызметінде пайдалану
Егер қызмет көрсетуші IP қызметтерімен қатар факс қызметтерін көрсету туралы анық
мəлімдемесе, IP протоколы бойынша дауыстық трафикті беру (VoIP) қызметтері көбінесе факс
машиналарымен үйлеспейді.
Егер өнімдегі факстің IP протоколы бойынша дауыстық трафикті беру желісінде жұмыс істеуі
кезінде проблемалар болса, барлық кабельдердің жəне параметрлердің дұрыстығын
тексеріңіз. Факс жылдамдығының параметрін азайту өнімнің IP протоколы бо
йынша да
уыстық
трафикті беру желісі арқылы факс жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
VoIP провайдері байланыс үшін «Еркін өту» режимін ұсынған жағдайда, VoIP арқылы факс
жұмысының жақсаруын ұсынады. Провайдер желісіне «фондық шу» қосылған болса, бұл
мүмкіндік қосылғанда факс жұмысы жақсаруы мүмкін.
Егер факс жіберу проблемалары жойылмаса, IP протоколы бойынша дауыстық трафи
кті беру
бойынша қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
Факс жады
Электр қуаты ажыратылғанда факс жадының мазмұндары сақталады
Электр қуаты ажыратылған жағдайда, флэш-жад мəліметтердің жоғалуын болдырмайды. Басқа
факс құрылғылары факс беттерін қалыпты оперативті жадта немесе қысқа мерзімді оперативті
жадта сақтайды. Қуат көзінен ажыратылу кезінде қалыпты оперативті жадтағы мəліметтер
бірден жоғалады, ал қысқа мерзімді оперативті жадтағы мəліметтер мұндай жағдайда шамамен
60 минуттан кейін жоғалады. Флэш-жадта мəліметтер қуат көзіне қо
спай-ақ кө
п жылдарға
сақтай алады.
Факстерді жадтан өшіріңіз
Басқа біреу сіздің өніміңізді пайдаланып, оның жадында сақталған факстерді қайта басып
шығаруы мүмкін деп алаңдасаңыз ғана осы процедураны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қайта басып шығару жадын тазалаумен қатар бұл процедура жіберіліп жатқан
факсті, жіберілмеген, бірақ кезекте тұрған факстерді, алдағы уақытта жіберуге жоспарланған
факстерді жəне басып шығарылмаған немесе жіберілмеген факстерді жояды.
1.
Негізгі экрандағы Setup
(«Орнату») түймесін түртіңіз.
2. Қызмет мəзірін басыңыз.
3. Fax Service («Факс қызметі») мəзірін басыңыз.
4. Clear Saved Faxes («Сақталған факстарды жою») түймешігін басыңыз.
KKWW
Факсті пайдаланыңыз
203