HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Communication error («Байланыс қатесі»).
Сипаттамасы
Өнім мен жіберуші немесе қабылдаушы арасында факс байланыс қатесі пайда болды.
Ұсынылатын əрекет
Өнімге факсті қайта жіберу мүмкіндігін беріңіз. Өнімнің телефон сымын қабырғадағы ұядан
ажыратып, телефонды қосыңыз жəне қоңырау шалып көріңіз. Өнімнің телефон сымын басқа
телефон желісіндегі ұяға қосыңыз.
Басқа телефон сымын пайдаланып көріңіз.
Fax Speed («Факс жылдамдығы») параметрін Низкая (
V.29) (Ба
яу (V.29)) күйіне келітіріңіз немесе
Высокая (V.34) (Жылдам (V.34)) параметрін ажыратыңыз.
Қатенің автоматты түзелуін болдырмау үшін Error Correction («Қатені түзету») мүмкіндігін
ажыратыңыз.
ЕСКЕРІМ: Error Correction («Қатені түзету») мүмкіндігі ажыратылғанда сурет сапасы төмендеуі
мүмкін.
Қате тек белгілі бір факс нөмірімен орын алатынын анықтау үшін басқару тақтасынан Fax
Activity Log («Факс журналы») есебін басып шығарыңыз.
Егер қате жойылмаса, НР орталығына хабарласыңыз.
www.hp.com/go/LJColorMFPM375
немесе
www.hp.com/go/LJColorMFPM475 немесе өнімнің қорабында келетін көмекші
анықтамалықты қараңыз.
Document feeder door is open («Құжат бергіштің есігі ашық»). Canceled fax
(«Факс жіберілмеді»).
Сипаттамасы
Құжат бергіштің үстіңгі жаңындағы қақпақ ашық жəне құрылғы факс жібермей тұр.
Ұсынылатын əрекет
Қақпақты жауып, факсты қайта жіберіңіз.
Fax is busy («Факс бос емес»). Canceled send («Жіберу тоқтатылды»).
Сипаттамасы
Сіз факс жіберген факс желісі бос емес болған. Өнім факс жіберуді тоқтатты.
Ұсынылатын əрекет
Факс машинасының қосылғанын жəне дайын екендігін тексеру үшін факс қабылдаушыға
қоңырау шалыңыз.
Дұрыс факс нөмірі терілгенін тексеріңіз.
214
Бап 12 Факс KKWW