HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Құрылғыда негізгі функциялардың жұмысын жалғастыруға рұқсат ете отырып, параметрлерді
реттеу функцияларын пайдалану мүмкіндігін шектейтін кілтсөз мүмкіндігі бар. Кілтсөзді ЕВС
беті немесе басқару тақтасы арқылы орнатуға болады.
Құпия мəліметтері бар факстерді сіз факс жанына келіп басып шығарғанша өнімде сақтауға
болады.
Жүйе кілтсөзін орнату
Рұқсатсыз пайдаланушылардың өнім параметрлерін өзгерте алмауы үшін енгізілген веб
серверіне өтуге арналған кілтсөзді орнату.
1. Өнімнің IP мекенжайын веб браузердің мекенжай жолына енгізіп, енгізілген HP веб-серверін
ашыңыз.
2. Параметрлер жиекбелгісін басыңыз.
3. Терезенің сол жағындағы Қауіпсіздік мəзірін ашыңыз.
4. Device Security Settings Құрылғының қауіпсіздік параметрлері») мəзіріндегі
Реттеу . . түймесін ба
сыңыз.
5. Құ
рылғы кілтсөзі аймағында Жаңа кілтсөз терезесіне кілтсөзді теріп, Кілтсөзді тексеру
терезесінде оны қайтадан теріңіз.
6. Қолданутүймесін басыңыз. Кілтсөзді жазып алып, оны қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
KKWW
Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
247