HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

DIMM модульдері орнату
Бұл өнімде 192-мегабайттық (Mбайт) жедел жаттайтын құрылғы (RAM) орнатылған. Қос ішкі жад
модулін (DIMM) қосу арқылы өнімге 256-мегабайт жад орнатуыңызға болады. Өнімге
таңбаларды (мысалы, Қытай тілінің немесе Кириллица алфавитінің таңбаларын) басып шығару
мүмкіндігін беру үшін қаріп DIMM модулін орната аласыз.
ЕСКЕРТУ: Статикалық электр тогы электрондық бөліктердің бұзылуына əкелуі мүмкін. DIMM
модульдерін ұстаған кезде, статикаға қарсы білезік тағып алыңыз, не болмаса жиі DIMM
модульдерінің статикаға қарсы орауышын ұстап, содан кейін құрылғыдағы жалаң металды
ұстап тұрыңыз.
DIMM модульдері орнату
1. Өнімді өшіріп, барлық қуат жəне интерфейс кабельдерін ажыратыңыз.
2. Өнімнің оң жағындағы DIMM модулінің есігін ашыңыз.
3. DIMM модулінің есігін алыңыз.
250
Бап 13 Басқару жəне күту KKWW