HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Мəселелерді шешу тізімі
Өнімге қатысты мəселені шешер кезде мына қадамдарды орындаңыз.
●
1-қадам: Құрылғының қосылғанын тексеру
●
2-қадам: Басқару тақтасындағы қате хабарларын қарау
●
3-қадам: Басып шығару жұмысын тексеру
●
4-қадам: Көшірме жұмысын тексеру
●
5-қадам: Факс жіберу жұмысын тексеру
●
6-қадам: Факс қабылдау жұмысын тексеру
●
7-қадам: Баспа тапсырмасын компьютер арқылы жіберіп көру
●
8-қадам: Тасымалы USB құрылғысынан басып шығару жұмысын тексеру
●
Өнімнің тиімділігіне əсер ететін жағдайлар
1-қадам: Құрылғының қосылғанын тексеру
1. Құрылғының жалғанып, қосылғанын тексеріңіз.
2. Құрылғыдағы электр қуаты сымының розеткаға қосылғанын тексеріңіз.
3. Электр қуаты сымын басқа розеткаға жалғап, қуат көзін тексеріңіз.
4. Құрылғы механизмі жұмыс істемесе, баспа картридждерінің орнатылып, барлық есіктердің
жабылғанын тексеріңіз. Осы мəселелерді белгілейтін хабарлар басқару тақтасында
көрсетіледі.
5. Құжат бергіштің механизмі жұмыс істемесе, қақпағын аш
ып, кез кел
ген буып-түйетін
материалды немесе лентаны шығарыңыз.
6. Көшірме, сканерлеу немесе факс жіберу жұмыстарын орындағанда сканер шамы жанбаса,
HP компаниясының қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
2-қадам: Басқару тақтасындағы қате хабарларын қарау
Басқару тақтасы дайын күйін белгілеуі тиіс. Қате хабары пайда болса, қатені жойыңыз.
KKWW
Мəселелерді шешу тізімі
263