HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Баспа сапасын жақсарту
Баспа сапасына байланысты мəселелердің көбін келесі нұсқауларды орындап, алдын
алуыңызға болады.
●
Принтер драйверінде əрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін қолданыңыз.
●
Принтер драйверіндегі түс параметрлерін реттеу
●
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
●
Тазалағыш бетті басып шығару
●
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
●
Баспа картридждерін тексеру
●
Басып шығару қажеттіліктеріне жақсы сəйкес келетін принтер драйверін пайдалану
●
Көшірмелердің басып шығару сапасын жақсарту
Принтер драйверінде əрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін
қолданыңыз.
Төмендегі ақаулықтар туындаса, қағаз түрінің параметрін тексеріңіз:
● Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
●
Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
●
Басып шығарылған беттер мыжылған.
● Тонер басып шығарылған беттерді бояйды.
●
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
Windows жүйесі үшін қағаз түрінің параметрін өзгерту
1. Бағдарламадағы Файл мəзірінен Печать (Басып шығару) тармағын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Свойства (Сипаттар) немесе Настройки (Параметрлер) түймешігін
басыңыз.
3. Бумага/качество (Қағаз/сапа) қойындысын басыңыз.
4. Тип бумаги (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен Больше... (Қосымша...) опциясын
таңдаңыз.
5. Тип: (Түрі:) опцияларының тізімін жайыңыз.
6. Қ
олданыстағы қа
ғаз түрін тапқанша қағаз түрлерінің əрбір санатын шығарып алыңыз.
7. Қолданыстағы қағаздың түрінің параметрін таңдап, OK (OK) түймешігін басыңыз.
KKWW
Баспа сапасын жақсарту
279