HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Mac жүйесі үшін қағаз түрінің параметрін өзгерту
1. Бағдарламадағы Файл мəзірінен Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Көшірмелер жəне беттер мəзіріндегі Қағаз параметрлерін орнату тармағын таңдаңыз.
3. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен бір өлшемді таңдап, OK түймешігін басыңыз.
4. Аяқтау мəзірін ашыңыз.
5. Медиа түрі ашылмалы тізімінен түрін таңдаңыз.
6. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Принтер драйверіндегі түс параметрлерін реттеу
Баспа тапсырмасы үшін түс тақырыбын өзгерту
1. Бағдарламадағы File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2. Properties (Қасиеттері) немесе Preferences (Артықшылықтары) тармағына шертіңіз.
3. Color (Түс) жиекбелгісін басыңыз.
4. Түс тақырыбын Color Themes (Түс тақырыбы) ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
Default (sRGB)(Əдепкі (sRGB)) Бұл тақырып өнімді RGB деректерін өңдеусіз құрылғы
режимінде басып шығаруға баптайды. Осы тақырыпты пайдаланған кезде, дұрыс
көрсету үшін бағдарламадағы немесе операциялық жүйедегі түсті басқарыңыз.
Vivid (Жарық): Өнім жартылай реңктердегі түстердің қанықтығын арттырады. Бизнес
графикаларын басып шығару кезінде осы тақырыпты пайдаланыңыз.
Photo (Фото): Өнім RGB түсін са
ндық шағын зертханада басылып шыққан фотосурет
ретінде бейнелейді. Өнім Default (sRBG) (Əдепкі (sRGB)) тақырыбымен салыстырғанда
терең, қанық түстерді бейнелейді. Осы тақырыпты фотосуреттерді шығару үшін
пайдаланыңыз.
280
Бап 14 Мəселелерді шешу KKWW