HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
ЕСКЕРІМ: Автоматты дуплексер жоқ модельдерде өнім парақтың бірінші жағын басып,
парақты шығыс науасынан шығаруды жəне 1-науаға сол бағытта салуды сұрайды.
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
Егер баспа шығысында боялған көлеңкелер, көмескі графикалар немесе аймақтар болса,
түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру қажет болуы мүмкін. Түсті теңестіруді тексеру үшін,
басқару тақтасында Reports (Есептер) мəзірінен Diagnostics page (Диагностикалау беті) бетін
басып шығарыңыз. Егер беттегі түстер блоктары бір бірімен теңестірілмесе, өнімді тексеру
қажет болады.
1. Өнімнің басқару та
қтасындағы Жүй
ені орнату мəзірін ашыңыз.
2. Баспа Сапасы мəзірін ашып, Color Calibration («Түс мөлшерлеуі») элементін таңдаңыз.
3. Calibrate Now («Қазір мөлшерлеу») опциясын таңдаңыз.
Баспа картридждерін тексеру
Төмендегі мəселелердің кез келгені болғанда əрбір баспа картриджін тексеріп, қажет болса
ауыстырыңыз:
● Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
●
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
● Басып шығарған беттерде жолақтар бар.
ЕСКЕРІМ: Төмен сапалы баспа параметрін қолданғанда басылып шығатын қағаздар ашық
болып көрінуі мүмкін.
Басып шығары картриджін ауыстыру қажет екенін анықтасаңыз, шынайы HP баспа картриджінің
бөлік нөмірін табу үшін жабдықтар күйі бетін басып шығарыңыз.
KKWW
Баспа сапасын жақсарту
283