HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Көшірмелердің басып шығару сапасын жақсарту
Көшірілген құжаттардың баспа сапасы нашар болса, осы құжаттың алдыңғы тарауларында
берілген баспа құжаттарының шешімдерін қараңыз. Дегенмен, кейбір баспа сапасының
мəселелері тек көшірілген құжаттарда ғана пайда болады.
● Құжат бергішін пайдалану арқылы жасалған көшірмелерде сызықтар пайда болса, сканер
жиының сол жағындағы кішкентай əйнек жолағын тазалаңыз.
●
Сканер əйнегін қолдану арқылы жасалған көшірмелерде дақтар немесе өзг
е ақаулықтар
пайда болса, сканер əйнегін жəне ақ түсті пластиктен жасалған артқы жақтауын
тазалаңыз.
1. Өнімді өшіру үшін ажыратқышты пайдаланып, одан кейін қорек сымын электр
розеткасынан ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің əйнегі мен ақ пластмасса тірегін тазартқыш сұйықтыққа батырылған жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында тырнаушы затарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы
мүмкін. Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп,
өнімді зақымдауы мүмкін.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза
шүберекпен құрғатыңыз.
5. Өнімді розеткаға жалғап, өнімді қосу үшін ажыратқышты пайдаланыңыз.
288
Бап 14 Мəселелерді шешу KKWW