HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Өнім басып шығармайды немесе баяу басып
шығарады
Өнім басып шығармайды
Егер өнім тіптен басып шығармайтын болса, төмендегі шешімдерді орындаңыз.
1. Өнімнің іске қосылғанын жəне басқару панелінің дайын болуын тексеріңіз.
Егер басқару панелінде өнімнің дайын емес екендігі көрсетілсе, өнімді ажыратып,
қайтадан қосыңыз.
Егер басқару панелі өнімнің дайын екенін көрсетсе, тапсырманы қайтадан жіберіңіз.
2. Егер басқару панелі өнімде қате бар екенін кө
рсетсе, қат
ені қайта жөндеп, тапсырманы
қайтадан жіберіңіз.
3. Барлық кабельдердің дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Өнім желіге қосылған болса, төмендегі
элементтерді тексеріңіз:
Өнімдегі желі байланысының жанындағы шамды тексеріңіз. Егер желі белсенді болса,
шамда жасыл түс жанады.
Желіге қосылу үшін телефон сымы емес, желі кабелі пайдаланылғанын тексеріңіз.
Желі маршрутизаторы, к
онцентрат неме
се ажаратқыш қосылғанын жəне дұрыс
жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
4. HP бағдарламалық құралын өніммен бірге берілген ықшам дискіден орнатыңыз. Жалпы
принтердің драйверлерін пайдалану басып шығару кезегіндегі тапсырмаларды жойғанда
кешіктірулерге себеп болады.
5. Компьютеріңіздегі принтерлер тізімінен, осы өнімнің атауын тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Properties (Сипаттар) параметрін таңдап, Ports (Порттар) қойындысын а
шыңыз.
Егер желіге қосылу үшін желі кабелін пайдалансаңыз, Ports (Порттар)
қойындысындағы принтер атауы өнімнің теңшелім бетіндегі өнім атауына сəйкес
келетінін тексеріңіз.
Егер USB кабелін пайдаланып, сымсыз желіге қосылып жатырсаңыз, Virtual printer
port for USB (USB виртуалды принтер порты) жанына құсбелгі қойылғанын тексеріңіз.
6. Егер компьютерде жеке желіаралық ди
дар жүйесін пайдалансаңыз, өніммен жасалған
байланыс бұғатталуы мүмкін. Ақаулықтың көзі екенін қарау үшін, желіаралық қалқанды
уақытша ажыратыңыз.
7. Компьютер немесе өнім сымсыз желіге қосылған болса, сапасы төмен сигналдар немесе
кедергі басып шығару тапсырмаларын кідіртеді.
KKWW
Өнім басып шығармайды немесе баяу басып шығарады
289