HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Ауыспалы USB баспа ақаулықтарын шешу
USB құрылғысы енгізілгенде USB Flash Drive («USB құрылғысы») мəзірі ашылмайды.
Файл USB құрылғысынан басылмайды
Басылатын файл USB Flash Drive («USB құрылғысы») мəзірінде көрсетілмеген
USB құрылғысы енгізілгенде USB Flash Drive («USB құрылғысы»)
мəзірі ашылмайды.
1. Осы құрылғы қолдамайтын USB құрылғысы немесе файл жүйесі қолданылған болуы
мүмкін. Файлдарды FAT (File Allocation Table) файл жүйелерін пайдаланатын стандартты
USB сақтау керек-жарағында сақтаңыз. Өнім FAT12, FAT16 жəне FAT32 USB сақтау керек-
жарақтарын қолдайды.
2. Басқа мəзір бұрыннан ашық болса, оны жауып, USB құрылғысын шығарып, қайта салыңыз.
3. USB қ
ұрылғысында бірнеше бөлімдер болуы мүмкін. (USB құрылғысының кейбір
өндірушілері бағдарламалық құралды ықшам дискісі сияқты бөліктерді жасайтын қосалқы
құралда орнатады.) Бөліктерді өшіру үшін USB құрылғысын қайта пішімдеңіз немесе USB
құрылғысының басқа түрін қолданыңыз.
4. USB құрылғысы өнім беретіннен көбірек қуатты талап етуі мүмкін.
а. USB сақтау керек-жарағын шығарып алыңыз.
ə. Өнімді өш
іріп, қайта қосыңыз.
б. Өз электр қуаты бар немесе аз қуатты қажет ететін USB сақтау керек-жарағын
пайдаланыңыз.
5. USB құрылғысы дұрыс істемей тұрған болуы мүмкін.
а. USB сақтау керек-жарағын шығарып алыңыз.
ə. Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
б. Басқа USB сақтау керек-жарағынан басып шығарып көріңіз.
Файл USB құрылғысынан басылмайды
1. Науада қағаздың болғанын тексеріңіз.
2. Басқару тақтасындағы қате хабарларын қараңыз. Құрылғыда қағаз тұрып қалса, кептемені
жойыңыз.
KKWW
Ауыспалы USB баспа ақаулықтарын шешу
291