HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Компьютер өнім үшін дұрыс емес IP мекенжайын қолдануда
1. Принтердің сипаттарын ашып, Ports жиекбелгісін басыңыз. Өнім үшін қазіргі IP
мекенжайының таңдалғанын тексеріңіз. IP мекенжайы конфигурациялау бетінде
көрсетілген.
2. Өнімді HP компаниясының стандартты TCP/IP порты арқылы орнатқан болсаңыз, IP
мекенжайы өзгерсе де əрдайым осы принтерге басып шығару атты жолды таңдаңыз.
3. Өнімді Microsoft компаниясының стандартты TCP/IP порты арқылы орнатқан болсаңыз, IP
мек
енжайының орнына хост атын қолданыңыз.
4. Егер IP мекенжайы дұрыс болса, өнімді жойып, оны қайта қосыңыз.
Компьютердің өніммен байланысуы мүмкін емес.
1. Желіні сынақтан өткізу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пəрмен жолы терезесін ашыңыз. Windows жүйесі үшін Start (Бастау)
түймешігін басып, Run (Іске қосу) пəрменін таңдап, cmd деп теріңіз.
ə. Өнім үшін IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
б. Егер терезе айналым уақытын көрсетсе, желі жұмыс істейді.
2. Ег
ер ақ
парат жіберу командасы орындалмаса, желілік хабтардың қосулы екенін тексеріңіз,
содан кейін желі параметрлерінің, өнімнің жəне компьютердің бір желіге
конфигурацияланғанын тексеріңіз.
Өнім желі үшін дұрыс емес сілтеме жəне дуплекс параметрлерін пайдалануда
Hewlett-Packard бұл параметрді автоматты режимде қалдыруды ұсынады (стандартты
параметр). Егер осы параметрлерді өзгертсеңіз, оларды желі үшін де өзгерту қажет.
Жаңа бағдарламалық құралдар үйлесімді ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Жаңа бағдарламалық құралдардың дұрыс орнатылғанын жəне олардың дұрыс принтер
драйверін қолданатындығын тексеріңіз.
Компьютеріңіз немесе жұмыс компьютеріңіз дұрыс орнатылмаған.
1. Желілік драйверлерді, принтер драйверлерін жəне желі бағытын тексеріңіз.
2. Операциялық жүйенің дұрыс конфигурацияланғанын тексеріңіз.
Өнім ажыратылған немесе басқа желі параметрлері дұрыс емес.
1. Желі протокол күйін тексеру үшін конфигурациялау бетін қайтадан қарап шығыңыз. Қажет
болған жағдайда оны қосыңыз.
2. Қажет болса желі параметрлерін қайтадан теңшеңіз.
294
Бап 14 Мəселелерді шешу KKWW