HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Принтер драйверлері компьютерде орнатылған.
Дұрыс принтер портын таңдадыңыз.
Компьютер жəне өнім бірдей сымсыз желіге қосылады.
Басқару панелі хабарды көрсетеді: Осы өнімдегі сымсыз мүмкіндік
өшірілген
1. Сымсыз байланыс мəзірі түймесін басыңыз.
2. Сымсыз байланысты қосу/өшіру түймесін, одан кейін Қосылған түймесін басыңыз.
Сымсыз конфигурациялау аяқталғаннан кейін өнім басып
шығармайды
1. Өнімнің қосылғанын жəне оның жұмысқа дайын екендігін тексеріңіз.
2. Дұрыс сымсыз желіге қосылғаныңызды тексеріңіз.
3. Сымсыз желі дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
а. Желіні орнату мəзірін ашып, Сымсыз байланыс мəзірі элементін ашыңыз.
ə. Сымсыз желіні тексеру үшін, Желіні тексеруді іске қосу элементін таңдаңыз. Өнім
есепті нəтижелермен бірге басып шығарады.
4. Дұ
рыс порт нем
есе өнім таңдалғанын тексеріңіз.
а. Компьютердегі принтерлер тізімінен, өнімнің атауын тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Properties (Сипаттар) параметрін таңдап, Ports (Порттар) қойындысын
ашыңыз.
ə. Virtual printer port for USB (USB үшін виртуалды принтер порты) параметрі жанына
құсбелгі қойылғанын тексеріңіз.
5. Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қажет болса, ком
пьютерді қайта іске
қосыңыз.
Өнім басып шығармайды жəне компьютерде үшінші тараптың
желіаралық қалқаны орнатылған
1. Желіаралық қалқанды өндірушіде бар ең соңғы жаңартумен жаңартыңыз.
2. Егер бағдарламалар өнімді орнату немесе басып шығару кезінде желіаралық қалқанға кіру
мүмкіндігін сұраса, бағдарламалардың іске қосылуына рұқсат бергеніңізді тексеріңіз.
3. Желіаралық қалқанды уақытша өшіріп, компьютерге сымсыз өнімді орнатыңыз. Сымсыз
орнатуды аяқтағаннан кейін желіаралық қалқанды қосыңыз.
296
Бап 14 Мəселелерді шешу KKWW