HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Сымсыз маршрутизатор немесе өнімді жылжытқаннан кейін сымсыз
байланыс жұмыс істемейді
Маршрутизатор немесе өнім компьютер қосылған бірдей желіге қосылғанын тексеріңіз.
1. Есептер мəзірін ашып, есепті басып шығару үшін Конфигурациялық есеп элементін
таңдаңыз.
2. Компьютеріңіз үшін конфигурация есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы SSID идентификаторымен салыстырыңыз.
3. SSID идентификаторлары бірдей болмаса, онда құрылғылар бірдей желіге қосылмаған.
Өнімнің сымсыз орнатуын қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз өнімге қосымша компьютерлер қосу мүмкін емес
1. Басқа компьютерлер сымсыз ауқымда екенін жəне ешбір кедергі сигналды
бұғаттамайтынын тексеріңіз. Көп желілер үшін сымсыз қатынас нүктесінің 30 м асатын
сымсыз ауқымы болады.
2. Өнімнің қосулы жəне оның жұмысқа дайын екендігін тексеріңіз.
3. Компьютердегі кез келген үшінші тарапты желіаралық дидарларды өшіріңіз.
4. Сымсыз желінің дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
а. Өнімнің басқару тақ
т
асындағы Желіні орнату мəзірін ашып, Сымсыз байланыс мəзірі
элементін таңдаңыз.
ə. Сымсыз желіні тексеру үшін, Желіні тексеруді іске қосу элементін таңдаңыз. Өнім
есепті нəтижелермен бірге басып шығарады.
5. Дұрыс порт немесе өнім таңдалғанын тексеріңіз.
а. Компьютердегі принтерлер тізімінен осы өнімнің атауын тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Properties (Сипаттар) параметрін таңд
ап, Ports (Порттар) қойындысын
ашыңыз.
ə. IP адресінің желілік сынақты іске қосу есебінде IP мекенжайына сəйкес келетінін
тексеру үшін, Configure Port (Портты конфигурациялау)түймешігін басыңыз.
6. Компьютердің дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Егер қажет болса, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
Сымсыз өнім байланысы VPN желісіне қосылған кезде жоғалады
Негізі, VPN желісіне жəне басқа желілерге бір уақытта қосыла алмайсыз.
KKWW
Сымсыз желі ақаулықтарын түзету
297