HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
Озон өндіру
Бұл өнім ешбір елеулі озон газын өндірмейді (O
3
).
Тұтынылатын қуат
Дайын жəне Ұйқы режимдерінде қуат тұтыну деңгейі айтарлықтай төмендеп, осы өнімнің
жоғары өнімділігіне əсер етпестен табиғи қорлар мен қаржыңызды үнемдейді. ENERGY STAR
®
жазуымен белгіленген Hewlett-Packard баспа жəне кескіндеу құрылғысы логотипі кескіндеу
жабдығына қойылатын АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің 'ENERGY STAR техникалық
шарттарына сай белгіленген. Келесі белгі ENERGY STAR жазуымен белгіленген кескіндеу
өнімдерінде болады:
Қосымша ENERGY STAR кескіндеу өнімі моделінің туралы ақпарат тізімі мына сайтта берілген:
www.hp.com/go/energystar
Тонерді пайдалану
EconoMode режимі тонерді аз пайдаланады, бұл баспа картриджінің қызмет ету мерзімін
ұзартуы мүмкін. HP компаниясы EconoMode режимін ұдайы пайдалануды ұсынбайды.
EconoMode режимі үнемі пайдаланған жағдайда, тонер баспа картриджіндегі механикалық
бөліктердің қызмет мерзімінен асып кетуі мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап,
қанағаттандырарлық болмаса, баспа картриджін ауыстырған жөн.
Қағаз пайдалану
Бұл өнімнің қолмен/автоматты дуплекстеу (екі-жақты баспа) жəне N-дейін баспа (бір бетке
бірнеше бетті басып шығару) мүмкіндігі қағаз шығыны мен табиғи қорларды пайдалану
қажеттілігін азайтады.
KKWW
Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы
325