HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Қағаз
Бұл құрылғы HP LaserJet Printer Family Print Media Guide (HP Laserjet принтерлер сериясы үшін
жазылған баспа құралдары туралы) нұсқаулықта берілген талаптарға сəйкес болған жағдайда
қайта пайдаланылған қағаздарды қолдана алады. EN12281:2002 стандартына сай осы
құрылғы қайта пайдаланылған қағазды қолдануға жарамды.
Материалдық шектеулер
Бұл HP бұйымының құрамында сынап қосындысы жоқ.
Бұл HP бұйымындағы батарея пайдалану мерзімі біткеннен кейін арнайы қатынасты қажет етуі
мүмкін. Осы бұйымға арналған немесе Hewlett-Packard компаниясы қамтамасыз ететін
батареялар төмендегілерді қамтиды:
HP LaserJet Pro 300 MFP M375 түсті жəне HP LaserJet Pro 400 MFP M475 түсті
Түрі Көміртегі монофлуоридті литий
Салмағы 0.8 г
Орны Форматталған басып шығару платасында
Пайдаланушы ауыстыратын No (Жоқ)
Қалдықтарды өңдеу туралы ақпаратты алу үшін www.hp.com/recycle сайтына кіріңіз немесе
жергілік органдарға немесе Электроникалық Өнеркəсіп Одағына хабарласыңыз.
www.eiae.org.
Еуропа Одағы аумағындағы жеке үйлерде тұратын
пайдаланушылардың жабдық қалдықтарын тастауы
Өнімде немесе оның орауышында тұрған осы рəміз бұл өнімді басқа тұрмыстық қоқыспен бірге
лақтыруға болмайтындығын білдіреді. Сіз қалдық болып қалған жабдықты электрондық жəне
электр жабдықтарды қайта пайдалануға арналған жинау орнына əкелу үшін жауапты боласыз.
Ескірген жабдықтарды лақтыру кезіндегі бөлек жинау табиғи ресурстарды сақтауға жəне
оларды адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін түрде қайт
а пайдалануға
көмектеседі. Ескірген жабдықтарды қайта пайдалану үшін қай жерге тастау керектігі туралы
қосымша ақпарат алу үшін қала əкімшілік кеңсесімен, үй қалдықтарын лақтыру қызметімен
немесе бұл өнімді Сізге сатқан дүкенмен хабарласыңыз.
328
Қосымша в Реттеуші ақпарат KKWW