HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Mac амалдық жүйесіне арналған бағдарламалық
құрал
Қолдау көрсетілетін амалдық жүйелер мен принтер драйверлері
Өнім төмендегі Mac операциялық жүйелерді қолдайды:
Mac OS X 10.5 жəне 10.6
ЕСКЕРІМ: Mac OS X 10.5 жəне одан кейінгі нұсқалары үшін PPC жəне Intel® Core™ Processor
Mac жүйелеріне қолдау бар. Mac OS X 10.6 үшін Intel Core Processor Macs пайдалануға болады.
HP LaserJet бағдарламалық құралын орнату бағдарламасы Mac OS X компьютерлерінде
пайдалану үшін PostScript
®
принтер сипаттамалары (PPD) файлдарын, принтер диалог
кеңейтімдерін (PDEs) жəне HP утилитасын ұсынады. HP принтерінің PPD жəне PDE файлдары
Apple PostScript принтер драйверлерімен бірге толық басып шығару функциясын жəне нақты
HP принтерінің мүмкіндіктеріне қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.
Mac операцияларық жүйелеріне арналған бағдарламалық құралды
орнату
Өнімге тікелей қосылған Mac компьютерлеріне бағдарламалық құралды орнату
Бұл өнімде USB 2.0 байланысы бар. A-B түріне жататын USB кабельді пайдаланыңыз. HP
компаниясы USB кабельдің 2 метр ұзын емес болуын ұсынады.
1. Өнім мен компьютерге USB кабелін жалғаңыз.
2. Бағдарламалық жасақтаманы ықшам дискіден орнатыңыз.
3. HP орнату бағдарламасының белгішесін басып, бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.
48
Бап 4 Өнімді Mac амалдық жүйесінде пайдалану KKWW