HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

4. Құттықтау экранында OK түймешігін басыңыз.
5. Басып шығаратын бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген
бағдарламадан бір бетті басып шығарыңыз.
Сымды желідегі Mac компьютерлеріне арналған бағдарламалық құралды орнату
IP мекенжайын конфигурациялау
1. Желі кабелін өнімге жəне желіге жалғаңыз.
2. Жалғастырмас бұрын 60 секунд күтіңіз. Бұл уақытта желі өнімді анықтап, оған IP
мекенжайын немесе хост атын тағайындайды.
Бағдарламалық құралды орнату
1. Ықшам дискіден бағдарламалық құралды орнатыңыз. Өнім белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
2. Бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген бағдарламадан бір бет
басып шығарыңыз.
Сымсыз желідегі Mac компьютерлеріне арналған бағдарламалық құралды
орнату
Өнімнің бағдарламалық құралын орнатпай тұрып, өнім желіге желі кабелі арқылы
жалғанбағанын тексеріңіз. Mac компьютеріңіз өнімді қосу керек сымсыз желіге қосылғанын
тексеріңіз.
Өнімді сымсыз желіге қосу үшін келесі процедуралардың біреуін пайдаланыңыз.
Басқару панелінің мəзірлерін пайдалана отырып, өнімді WPS арқылы сымсыз желіге
жалғау
Өнімді сымсыз желіге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
KKWW
Mac амалдық жүйесіне арналған бағдарламалық құрал
49