HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

ЕСКЕРІМ: Бұл əдіс сəтсіз болса, USB кабелі арқылы сымсыз желіні пайдаланып көріңіз.
Өнімді сымсыз желіге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса,
өнімді сымсыз желіде орнату үшін осы əдісті пайдаланыңыз. Параметрлерді тасымалдау үшін
USB кабелін пайдалану сымсыз байланыстың реттелуін жеңілдетеді. Орнату жұмысы
аяқталғаннан кейін USB кабелін ажыратып, сымсыз байланысты пайдалануға болады.
1. Бағдарламалық құралды дискісін компьютердің ди
скіжетегіне салыңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Нұсқау берілгенде Configure your device for a
wireless network (Құрылғыны сымсыз желі үшін реттеу) опциясын таңдаңыз. Ұсынылған
кезде өнімге USB кабелін жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы ұсынбастан USB кабелін жалғамаңыз.
3. Орнату аяқталған кезде өнімнің SSID атауы бар екенін тексеру үшін конфигурация бетін
басып шығарыңыз.
4. Бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген бағдарламадан бір
бетті басып шығарыңыз.
Принтер драйверін Mac амалдық жүйелерінен жою
Бағдарламалық құралды жою үшін əкімшілік құқықтарыңыз болуы керек.
1. System Preferences (Жүйе ерекшеліктері) тармағын ашыңыз.
2. Print & Fax (Баспа жəне Факс) тармағын таңдаңыз.
3. Өнімді ерекшелеңіз.
4. Алу (-) таңбасын басыңыз.
5. Баспа кезегін жою үшін Delete Printer (Принтерді жою) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Өніммен байланысты барлық бағдарламаларды жою керек болса, Hewlett-
Packard бағдарламалар тобындағы HP Uninstaller қызметтік бағдарламасын пайдаланыңыз.
Mac компьютерлеріне арналған баспа параметрлерінің басымдығы
Баспа параметрлеріне енгізілетін өзгерістердің басымдықтары өзгерістердің енетін жерлеріне
қарай белгіленеді:
KKWW
Mac амалдық жүйесіне арналған бағдарламалық құрал
51