HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Mac амалдық жүйесінде басып шығарудың алдын ала белгіленген
параметрлерін жасап, пайдалану
Қайта пайдалану мақсатымен принтер драйверлерінің ағымдағы параметрлерін сақтау үшін,
басып шығарудың алдын ала орнатылған мəндерді пайдаланыңыз.
Басып шығарудың алдын ала орнатылған мəндерін жасау
1. Файл мəзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
3. Қайта пайдалану қажет басып шығару параметрлерін таңдаңыз.
4. Алдын ала белгіленген параметрлер мəзірінен ...түрінде сақтау опциясын таңдап,
ал
ды
н ала орнату атауын теріңіз.
5. OKтүймесін басыңыз.
Басып шығарудың алдын ала орнатылған мəндерін пайдалану
1. Файл мəзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
3. Алдын ала белгіленген параметрлер мəзірінен басып шығарудың алдын ала
белгіленген параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Принтер драйверінің стандартты параметрлерін пайдалану үшін стандартты
опциясын таңдаңыз.
Mac амалдық жүйесінде мұқаба бет басып шығару
1. Файл мəзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
3. Мұқаба мəзірін ашып, мұқаба бет басып шығарылатын жерді таңдаңыз. Құжаттан бұрын
немесе Құжаттан кейін түймешігін басыңыз.
4. Мұқаба түрі мəзірінен мұқаба бетте басып шығару қажет хабарды таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Бос мұқаба бетті басып шығару үшін Мұқаба түрі мəзірінен стандартты
опциясын таңдаңыз.
Mac жүйесімен су таңбаларын пайдалану
1. Файл мəзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Су таңбалары мəзірін ашыңыз.
KKWW
Mac жүйесіндегі негізгі баспа тапсырмалары
57