HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Компьютерге, сымды немесе сымсыз желіге қосылу
үшін, HP Smart Install бағдарламасын
пайдаланыңыз.
Бағдарламалық құралды орнату файлдары өнімнің жадында сақталған. HP Smart Install
бағдарламасы орнату файлдарын өнімнен компьютерге тасымалдау үшін USB кабелін
пайдаланады. Бұл орнатқыш USB байланыстарын, сымды жəне сымсыз желілерді қолдайды.
Ол басып шығаруға, көшіруге жəне сканерлеуге қажетті барлық файлдарды орнатады. HP Smart
Install бағдарламасын пайдалану үшін байланыс түріне байланысты келесі процедуралардың
біреуін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: HP Smart Install бағдарламасын пайдалануды жөн көрсеңіз, бағдарламалық құралды
орнату үшін өнімнің ықшам дискісін салуға болады.
Windows үшін HP Smart Install тікелей байланыстары (USB)
1. Өнімді қайта қосыңыз.
2. A-to-B түріне жататын USB кабелін компьютер мен өнімге жалғаңыз. HP Smart Install
бағдарламасының іске қосылуына бірнеше минут қажет болуы мүмкін.
3. HP Smart Install бағдарламасы автоматты түрде іске қосылуы керек. Бағдарламалық
құралды орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP Smart Install бағдарламасының іске қосылуына бірнеше минут қажет болуы
мүмкін. Егер HP Smart Install бағдарламасы автоматты түрде іске қосылмаса, AutoPlay
мүмкіндігі компьютерде ажыратылған болуы мүмкін. Компьютерді шолғышпен ашып,
бағдарламаны іске қосу үшін HP Smart Install дискісін екі рет басыңыз.
ЕСКЕРІМ: HP Smart Install бағдарламасының жұмысында ақау пайда болса, USB кабелін
ажыратып, өнімді өшіріңіз де, қайтадан қосып, өнімнің ықшам дискісін компьютерге
салыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Кабельді тек бағдарламалық құрал нұсқау
бергенде жалғаңыз.
Windows сымды желілеріне арналған HP Smart Install
1. Желі кабелін өнім мен желілік порт арасында жалғаңыз. IP мекенжайына тағайындалуына
бірнеше минут кетеді.
2.
Өнімнің басқару панелінде желі
түймесін түртіп, өнімнің IP мекенжайын көрсетіңіз.
3. Компьютерде веб-шолғышты ашып, URL мекенжайы жолағында IP мекенжайын теріп,
HP ендірілген веб-серверін ашыңыз. HP Smart Install қойындысын басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP Smart Install бағдарламасы сəтсіз аяқталса, өнімнің ықшам дискісін компьютерге
салыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
KKWW
Компьютерге, сымды немесе сымсыз желіге қосылу үшін, HP Smart Install бағдарламасын
пайдаланыңыз.
67