HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
USB арқылы қосу
ЕСКЕРІМ: Бұл процедураны HP Smart Install құралын пайдаланып жатпасаңыз пайдаланыңыз.
Бұл өнімде USB 2.0 байланысы бар. A-B түріне жататын USB кабельді пайдаланыңыз. HP
компаниясы USB кабельдің 2 метр ұзын емес болуын ұсынады.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы қосуды ұсынғанша USB кабелін қоспаңыз.
Ықшам дискіден орнату
1. Компьютердегі барлық бағдарламалардан шығыңыз.
2. Бағдарламалық құралды ықшам дискісінен орнатып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Ұсынылғанда Осы компьютерге USB кабелі арқылы тікелей қосылу опциясын таңдап,
одан кейін Келесі түймесін басыңыз.
4. Бағдарлама ұсынғанда, USB кабелін өнім мен компьютерге жалғаңыз.
5. Орнатудың соңында Аяқтау түймесін басыңыз.
6. Қосымша опциялар экранында қосымша бағдарламалық құрал орнатуға немесе Аяқтау
түймесін басуға болады.
7. Басып шығаратын бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген
бағдарламадан бір бетті басып шығарыңыз.
KKWW
USB арқылы қосу
69