HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса,
жүйе əкімшісінен сымсыз маршрутизатор желісінің параметрлерін алыңыз немесе келесі
тапсырмаларды орындаңыз:
Сымсыз желі атауын немесе SSID (қызметтер жиынтығының ұқсатқышы) алыңыз.
Сымсыз желі үшін қауіпсіздік кілтсөзін немесе шифрлау кілтін анықтаңыз.
WPS стандарты арқылы өнімді сымсыз желіге жалғау
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдаса, бұл
өнімді сымсыз желіге орнатудың ең қарапайым жолы.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Сымсыз
түймешігін түртіңіз.
2. Сымсыз байланыс мəзірі түймесін, одан кейін Wi-Fi қорғалған орнатымы түймесін
басыңыз.
3. Баптауды орнату үшін келесі əдістердің бірін таңдаңыз:
Pushbutton Түйме»): Басу түймешігі опциясын таңдап, басқару панеліндегі
нұсқауларды орындаңыз. Сымсыз байланысты орнату бірнеше минутқа созылуы
мүмкін.
PIN коды: PIN кодын жасау опциясын таңдап, басқару панеліндегі нұс
қ
ауларды
орындаңыз. Өнім, сымсыз маршрутизатордың баптау экранында терілетін, бірегей
PIN кодын жасайды. Сымсыз байланысты орнату бірнеше минутқа созылуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Егер бұл əдістің көмегі тимесе, бағдарламаны басқару тақтасындағы Wireless Setup
Wizard («Cымсыз орнату шебері») параметрін немесе USB кабельді байланысы əдісін қолданып
көріңіз.
Өнімді сымсыз желіге Wireless Setup Wizard («Cымсыз орнату шебері») арқылы
жалғаңыз
Егер сымсыз маршрутизатор WiFi-Protected Setup (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы)
стандартын қолдамаса, өнімді сымсыз желіде орнату үшін осы əдісті пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Сымсыз
түймешігін түртіңіз.
2. Сымсыз байланыс мəзірі түймесін, одан кейін Wireless Setup Wizard Сымсыз байланыс
орнату шебері») түймесін басыңыз.
3. Құрал қол жетімді сымсыз желілерді іздеп, табылған желілер тізімін көрсетеді (SSID
атаулары). Егер бар болса, сымсыз маршрутизаторға арналған SSID атауларын тізімнен
таңдаңыз. Егер сымсыз маршрутизаторға арналған SSID атаулары тізімде жоқ болса, En
ter
SSID («SSID енгізу») түймесін түртіңіз. Желі қауіпсіздігінің түрі қажет етілсе, сымсыз
маршрутизаторы үшін пайдаланылатын параметрді таңдаңыз. Басқару панелі дисплейінде
пернетақта ашылады.
72
Бап 5 Өнімді Windows амалдық жүйесі арқылы қосу KKWW