HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide

4. Егер сымсыз маршрутизатор үшін WPA қауіпсіздігі пайдаланылса, пернетақтаға құпия сөз
тіркесін енгізіңіз.
Егер сымсыз маршрутизатор үшін WEP қауіпсіздігі пайдаланылса, пернетақтаға кілт сөзді
енгізіңіз.
5. OK түймесін басып, өнім сымсыз маршрутизатормен байланыс орнатқанша күтіңіз.
Сымсыз байланысты орнату бірнеше минутқа созылуы мүмкін.
Өнімді сымсыз желіге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса,
өнімді сымсыз желіде баптау үшін осы əдісті пайдаланыңыз. Параметрлерді тасымалдау үшін
USB кабелін пайдалану сымсыз байланыстың бапталуын жеңілдетеді. Баптау жұмысы
аяқталғаннан кейін USB кабелін ажыратып, сымсыз байланысты пайдалануға болады.
1. Бағдарламалық құралды дискісін компьютердің дискіжетегіне салыңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Ұсынылған ке
зде Сымсыз желі арқылы қосылу
опциясын таңдаңыз. Ұсынылған кезде өнімге USB кабелін жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы ұсынбастан USB кабелін жалғамаңыз.
3. Орнату аяқталған кезде өнімнің SSID атауы бар екенін тексеру үшін конфигурация бетін
басып шығарыңыз.
4. Орнату аяқталған кезде USB кабелін ажыратыңыз.
Қазіргі уақытта желідегі сымсыз өнім үшін бағдарламалық құралды орнату
Өнімнің сымсыз желіде бұрыннан IP мекенжайы болып, компьютерге өнімнің бағдарламалық
құралын орнату керек болса, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің IP мекенжайын алу үшін өнімнің басқару панелінен конфигурация бетін басып
шығарыңыз.
2. Бағдарламалық жасақтаманы ықшам дискіден орнатыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Ұсынылғанда Сымсыз желі арқылы қосылу опциясын таңдап, одан кейін Келесі
тү
йме
сін басыңыз.
5. Қол жетімді принтерлер тізімінен IP мекенжайы дұрыс болатын принтерді таңдаңыз.
KKWW
Желіге Windows амалдық жүйесі арқылы қосу
73