HP LaserJet Pro 300 and 400 color MFP M375 and M475 - User's Guide
Қағаз бен баспа құралдарын пайдалану туралы
Бұл өнім əр түрлі қағаз жəне басқа баспа материалдарын қолдайды. Осы нұсқауларға сай
келмейтін қағаз немесе баспа құралы өнімдегі нашар баспа сапасын, кептелістердің көптігін
жəне оның уақытынан бұрын істен шығуын тудырады.
Кейбір жағдайларда тіпті осы пайдаланушы нұсқаулығында баяндалған талаптарға сай келетін
қағазға басып шығарған кезде де, басып шығару сапасының қанағаттанарлықсыз болуы
байқалады. Мұ
н
дай қиындық арқауды дұрыс қолданбаудың, қолайсыз температура мен
ылғалдылық жағдайында пайдаланудың, сондай-ақ Hewlett-Packard компаниясының бақылауы
мүмкін емес басқа да мəн-жайлардың салдарынан орын алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: HP компаниясы белгілеген талаптарға сай келмейтін арқауды пайдалану
принтердің зақымдалуына жəне оны жөндеу қажет болуына əкеліп соғуы мүмкін. Мұндай
жөндеуге Hewlett-Packard компаниясының кепілдігі немесе техникалық қызмет көрсету туралы
келісімі қолданылмайды.
● Ең жоғары нəтиже алу үшін, тек қана НР сауда белгісімен шыққан қағазды жəне лазерлі
принтерлерге арналған немесе əмбебап баспа құралдарды пайдаланыңыз.
● Сиялы принтерлерге арналған қағаз бен баспа құралдарын пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ: HP LaserJet өнімдері тонер бөлшектерін қағазға өте нақты нүктелерде қою үшін
термобекіткіштерді пайдаланады. HP лазерлі қағазы осы қатты ыстыққа төзімді етіп
жасақталған. Сиялы қағазды пайдалану өнімге зақым келтіреді.
● Hewlett-Packard компаниясы басқа компаниялардың баспа құралдарын пайдалануды
ұсынбайды, себебі HP олардың сапасын бақылай алмайды.
Арнайы қағазды немесе баспа құралын пайдаланғанда қанағаттандырарлық нəтижелер алу
үшін келесі нұсқауларды орындаңыз. Ең жақсы нəтижелер алу үшін принтер драйверінде қағаз
түрі мен өлшемін орнатыңыз.
Баспа түрі Жасау Жасамау
Конверттер ● Конверттерді жатқызып
сақтаңыз.
●
Тігісі бұрышына дейін баратын
конверттерді пайдаланыңыз.
● Лазерлі принтерлерге
пайдалануға мақұлданған
алынбалы жабысқақ таспаларды
ғана қолданыңыз.
● Умаждалған, қиылған, жабысып
қалған немесе өзгедей
зақымдалған конверттерді
пайдаланбаңыз.
● Қысқылары, ілмешегі, тесігі
немесе астары бар конверттерді
пайдаланбаңыз.
●
Өзі жапсырылатын желімді
немесе басқа синтетикалық
материалдарды қолданбаңыз.
78
Бап 6 Қағаз жəне баспа құралдары KKWW