HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide
Көшіру параметрлері
Көшірме сапасын өзгерту
Келесі көшірме сапасының параметрлері қолданылады:
●
Auto Select («Автоматты түрде таңдау»): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде
осы параметрді пайдаланыңыз. Бұл стандартты параметр болып табылады.
●
Аралас: бұл параметрді мəтіні мен графикасы аралас болатын құжаттар үшін
пайдаланыңыз.
●
Мəтін: мəтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
●
Сурет: Құрамында графиктері көп болатын құжаттар үшін осы пара
метрді п
айдаланыңыз.
1.
Қағазды сканер əйнегіне немесе құжат
бергішіне салыңыз.
2.
Басқару тақтасындағы Көшірме мəзірі
түймешігін басыңыз.
3.
Optimize (Оптимизациялау) мəзірін
таңдау үшін көрсеткі пернелерді
пайдаланып, OK түймешігін басыңыз.
4.
Дұрыс опцияны таңдау үшін көрсеткі
пернелерді пайдаланып, OK түймешігін
басыңыз.
5.
Көшіруді бастау үшін, Қара немесе Түс
түймешігін басыңыз.
Сканер əйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер əйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына əсер етуі
мүмкін. Сканердің əйнегі мен ақ пластмасса тірегін тазалау үшін келесі процедураны орындаңыз.
KKWW
Көшіру параметрлері
123