HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide

Көшірмелер үшін ашықтық пен қоюлық параметрлерін реттеу
1.
Қағазды сканер əйнегіне немесе құжат
бергішіне салыңыз.
2.
Басқару тақтасындағы Lighter/Darker
Ашық/қою»)
түймесін басыңыз.
3.
Параметрлерді реттеу үшін, көрсеткі
түймелерін пайдаланыңыз.
4.
Көшірмені бастау үшін, Қара немесе Түс
түймесін басыңыз.
Таңдамалы көшірме параметрлерін анықтау
Басқару тақтасында көшірме параметрлерін өзгерткенде қалыпты параметрлер тапсырма
аяқталғаннан кейін шамамен 2 минут бойы белсенді болады, одан кейін құрылғы əдепкі
параметрлерге келеді. Əдепкі параметрлерді бірден қайтару үшін, Бас тарту
түймесін басыңыз.
Жиектен жиекке басып шығару немесе көшіру
Өнім толықтай жиектен жиекке басып шығара алмайды. Ең үлкен басу аумағы 203,2 x 347 мм
(8 x 13,7 дюйм) құрайды, беттің жан жағында 4 мм басылмаған жиек қалдырылады.
Шеттері кесілген құжаттарды басып шығару немесе сканерлеу туралы пікірлер:
Баспадан кіші болғанда түпнұсқа құжатты сканердегі белгішемен белгіленген бұрыштан
4 мм қашықтыққа жылжытыңыз. Осы күйде қайта көшіріңіз немесе сканерлеңіз.
Түпнұсқалы құжат ба
спа өл
шеміне сəйкес болғанда көшірме кесіліп қалмауы мақсатында
суретті кішірейту үшін Кішірейту/үлкейту мүмкіндігін қолданыңыз.
KKWW
Көшіру параметрлері
125