HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide
Сканерлеу функцияларын қолдану
Сканерлеу əдістері
Сканерлеу тапсырмаларын келесі жолдармен орындаңыз.
●
HP Scan бағдарламалық құралын пайдаланып, компьютерден сканерлеңіз
●
TWAIN-үйлесімді немесе Windows Imaging Application (WIA)-үйлесімді бағдарламалық
құралдан сканерлеу
ЕСКЕРІМ: Мəтін тану бағдарламалық құралдары туралы оқып, оларды пайдалану үшін
бағдарламалық құралдың жеткізілетін ықшам дискісінен Readiris бағдарламасын орнатыңыз.
Мəтін тану бағдарламалық құралы оптикалық таңба тану бағдарламалық құралы деген атаумен
де белгілі.
HP Scan (Windows) бағдарламалық құралының көмегімен сканерлеу
1.
Компьютер жұмыс үстеліндегі HP Scan («HP сканерлеу») белгішесін екі рет басыңыз.
2.
Сканерлеу сілтемесін таңдап, қажет болса параметрлерді икемдеңіз.
3.
Scan (Сканерлеу) батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша параметрлерге қол жеткізу үшін, Advanced Settings («Қосымша
параметрлер») тармағын таңдаңыз.
Арнаулы параметрлер жиынтығын жасап, оларды сілтемелер тізіміне сақтау үшін, Create New
Shortcut («Жаңа сілтеме жасау») пəрменін басыңыз.
Басқа бағдарламалық құрал арқылы сканерлеу
Өнім TWAIN-үйлесімді жəне Windows Imaging Application (WIA)-үйлесімді болып табылады.
Өнім TWAIN-үйлесімді немесе WIA-үйлесімді сканерлеу құрылғыларын қолдайтын Windows
жүйесіне негізделген бағдарламалармен жəне TWAIN-үйлесімді сканерлеу құрылғыларын
қолдайтын Macintosh жүйесіне негізделген бағдарламалармен жұмыс істейді.
Сіз TWAIN-үйлесімді немесе WIA-үйлесімді бағдарламаларында болғанда сіз тікелей ашық
тұрған бағдарламадан сканерлеу мүмкіндіктеріне қол жеткізіп, бейнелерді сканерлей аласыз.
Көбірек ақпаратты алу үшін Анықтама файлын немесе біздің TWAIN-үй
лесімді не
месе WIA-
үйлесімді бағдарламалық құралмен бірге жеткізілетін құжаттаманы қараңыз.
TWAIN-үйлесімді бағдарламалық құралдан сканерлеу
Негізінен, бағдарламалық құралда Acquire (Қабылдау) File Acquire (Файлды қабылдау), Scan
(Сканерлеу), Import New Object (Жаңа нысанды импорттау), Insert from (Ішінен енгізу) немесе
Scanner (Сканер) сияқты бағдарламалары болған жағдайда TWAIN-үйлесімді болып
табылады. Бағдарламаның үйлесімді болуына сенімсіз болсаңыз немесе комманданың қалай
аталатындығын білмесеңіз, бағдарламалық құрал Анықтамасын неме
се құжаттамасын қараңыз.
TWAIN-үйлесімді бағдарламадан сканерлеу барысында HP Scan бағдарламалық құралы
автоматты іске қосылуы мүмкін. HP Scan бағдарламалық құралы іске қосылса, суретті алдын
134
Бап 11 Сканерлеу
KKWW