HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide

4-қадам: Қағазды тексеріңіз
1.
Пайдаланылатын қағаздың сипаттамаларға сай екеніне көз жеткізіңіз.
2.
Қағаздың кіріс науасына дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
5-қадам: Бағдарламалық құралды тексеру
1.
Өнімнің бағдарламалық құралының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
2.
Өнімге арналған принтер драйверін орнатылғанын анықтаңыз. Бағдарламалық жасақты
қарап, өнімге арналған принтер драйверін орнатылғанына көз жеткізіңіз.
6-қадам: Басып шығару жұмысын тексеру
1.
Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
2.
Егер бет басылып шықпаса, кіріс науасында қағаздың бар екенін тексеріңіз.
3.
Егер қағаз кептеліп қалса, кептелген жерді ашыңыз.
7-қадам: Көшірме жұмысын тексеру
1.
Конфигурация бетін құжат бергішіне салып, көшірмесін жасаңыз. Қағаз құжат бергішінен
оңай өтпеген жағдайда, құжат бергішті тазалау қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ, қағаз
HP техникалық сипаттамасына сай келетінін тексеріңіз.
2.
Конфигурация бетін сканер əйнегіне салып, көшірмесін жасаңыз.
3.
Көшірілген беттердің баспа сапасы нашар болса, сканер əйнегін тазалаңыз.
8-қадам: Жабдықтарды тексеру
Жабдық күйі бетін басып, баспа картридждері мен бейнелеу барабандарының қалған жұмыс
мерзімін тексеріңіз.
9-қадам: Баспа тапсырмасын компьютер арқылы жіберіп көру
1.
Тапсырманы өнімнің бағдарламалық жасақтамасы орнатылған басқа бір компьютерден
басып шығарып көріңіз.
2.
USB немесе желі кабелінің байланысын тексеріңіз. Өнімді дұрыс портқа тікелей жалғаңыз
немесе бағдарламалық құралды қайта орнатып, пайдаланылатын байланыс түрін таңдаңыз.
3.
Егер баспа сапасы қанағаттанарлық болмаса, баспа параметрлерінің пайдаланылатын
баспа құралына сəйкес келетінін тексеріңіз.
154
Бап 13 Мəселелерді шешу
KKWW