HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide
Баспа сапасын жақсарту
Баспа сапасына байланысты мəселелердің көбін келесі нұсқауларды орындап, алдын
алуыңызға болады.
●
Принтер драйверінде əрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін қолданыңыз.
●
Принтер драйверіндегі түс параметрлерін реттеу
●
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
●
Тазалағыш бетті басып шығару
●
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
●
Басып шығару қажеттіліктеріне жақсы сəйкес келетін принтер драйверін пайдалану
Принтер драйверінде əрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін
қолданыңыз.
Төмендегі ақаулықтар туындаса, қағаз түрінің параметрін тексеріңіз:
●
Тонер басып шығарылған беттерде жайылады.
●
Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
●
Басып шығарылған беттер мыжылған.
●
Тонер басып шығарылған беттерді бояйды.
●
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
Windows жүйесі үшін қағаз түрінің параметрін өзгерту
1.
Бағдарламадағы File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2.
Өнімді таңдап,Сипаттар немесе Басымдықтар түймешігін басыңыз.
3.
Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4.
Түрі ашылмалы тізімнен Қосымша... опциясын таңдаңыз.
5.
Түрі опцияларының тізімін шығарып алыңыз.
6.
Қолданыстағы қағаз түрін тапқанша қағаз түрлерінің əрбір санатын шығарып алыңыз.
7.
Қолданыстағы қағаздың түрінің пара
мет
рін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Mac жүйесі үшін қағаз түрінің параметрін өзгерту
1.
Бағдарламадағы Файл мəзірінен Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2.
Көшірмелер жəне беттер мəзіріндегі Қағаз параметрлерін теңшеу түймешігін басыңыз.
3.
Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен өлшемді таңдап, OK түймешігін басыңыз.
170
Бап 13 Мəселелерді шешу
KKWW