HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide

Өнім басып шығармайды немесе баяу басып
шығарады
Өнім басып шығармайды
Егер өнім тіптен басып шығармайтын болса, төмендегі шешімдерді орындаңыз.
1.
Өнімнің іске қосылғанын жəне басқару панелінің дайын болуын тексеріңіз.
Басқару тақтасында өнімнің дайын екені көрсетілмесе, өнімді өшіріп, қуат сымын
өнімнен ажыратыңыз. 30 секунд күтіп, қуат сымын қайта жалғап, құрылғыны қосыңыз.
Өнімнің қосылуын күтіңіз.
Егер басқару тақтасы өнімнің дайын екенін көрсетсе, конфигурация бетін басып
шығ
арыңыз. Орындалған жағдайда, тапсырманы қайта жіберіп көріңіз.
2.
Егер басқару панелі өнімде қате бар екенін көрсетсе, қатені қайта жөндеп, тапсырманы
қайтадан жіберіңіз.
3.
Барлық кабельдердің дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Өнім желіге қосылған болса, төмендегі
элементтерді тексеріңіз:
Өнімдегі желі байланысының жанындағы шамды тексеріңіз. Егер желі белсенді болса,
шамда жасыл түс жанады.
Желіге қосылу үш
ін, телефон сымы емес, желі кабелі пайдаланылғанын тексеріңіз.
Желі маршрутизаторы, концентратор немесе ажыратқыш қосылғанын жəне дұрыс
жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
4.
HP бағдарламалық құралын өніммен бірге берілген ықшам дискіден орнатыңыз. Жалпы
принтердің драйверлерін пайдалану басып шығару кезегіндегі тапсырмаларды жойғанда
кешіктірулерге себеп болады.
5.
Егер компьютерде жеке желіаралық дидар жүйесі пайдаланылса, өніммен жаса
лған
байланыс бұғатталуы мүмкін. Ақаулықтың көзі екенін қарау үшін, желіаралық қалқанды
уақытша ажыратыңыз.
6.
Егер компьютер немесе өнім сымсыз желіге қосылған болса, сапасы төмен сигналдар
немесе кедергі басып шығару тапсырмаларын кідіртеді.
Өнім баяу басып шығарады
Егер өнім басып шығарса, бірақ баяу басып шығаратындай көрінсе, төмендегі шешімдерді
орындаңыз.
1.
Компьютерде осы өнім үшін ең аз сипаттар бар екенін тексеріңіз. Сипаттар тізімі үшін,
мына веб-торапқа өтіңіз:
www.hp.com/support/LJColorMFPM175.
2.
Өнімді қалың қағаз сияқты кейбір қағаз түрлерін басып шығаруға конфигурациялаған
кезде, қағазға тонер дұрыс бекітілетіндей өнім ақырын басып шығарады. Егер қағаз түрінің
параметрлері қолданыстағы қағаз түріне сəйкес болмаса, параметрді дұрыс қағаз түріне
өзгертіңіз.
KKWW
Өнім басып шығармайды немесе баяу басып шығарады
175