HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide
Өнімнің бағдарламалық құралының Windows
жүйесімен ақаулықтары
Мəселе Шешімі
Өнімнің принтер драйвері Printer (Принтер)
папкасында көрінбейді
●
Буфер процесін қайта іске қосу үшін, компьютерді қайта іске
қосыңыз. Егер буфер жаңылысатын болса, Принтерлер
қалтасында ешбір принтер драйверлері көрінбейді.
●
Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Ашық тұрған барлық бағдарламалық құралдарды
жабыңыз. Жүйелік науада белгішесі бар кез келген
бағдарламалық құралды жабу үшін, белгішені тінтуірдің оң жақ
т
үймесімен басып, Close (Жабу) немесе Disable (Өшіру)
тармағын таңдаңыз.
●
USB кабелін компьютердің өзге USB портына жалғап көріңіз.
Бағдарламалық құралын орнату барысында
экранға қателік жөнінде хабар шығарылды
●
Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Ашық тұрған барлық бағдарламалық құралдарды
жабыңыз. Тапсырмалар аумағында белгішесі бар кез келген
бағдарламалық құралды жабу үшін, белгішені тінтуірдің оң жақ
түймесімен басып, Close (Жа
бу) немесе Disable (Өшіру)
тармағын таңдаңыз.
●
Өнім бағдарламалық құралын орнататын жетектегі бос орын
мөлшерін тексеріңіз. Қажетті жағдайда, өзіңіз қалайтын орынды
босатып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
●
Қажет болса, диск дефрагменттеушісін іске қосып,
бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
Өнім Əзір режимінде, бірақ ештеңе басылып
шығарылмайды
●
Конфигурациялау бетін басып шығарып, өнімнің жұмыс істеуін
тексеріңіз.
●
Басып ш
ығару жасалатын компьютерді қайта іске қосыңыз.
●
Барлық кабельдердің дұрыс жалғанып, ерекшеліктерге сəйкес
екендігін тексеріңіз. Олардың қатарына USB кабелі мен қорек
кабельдері жатады. Жаңа кабель жалғап көріңіз.
●
Сымсыз байланыс арқылы жалғану əрекетін жасағанда, желі
кабелінің жалғанбағанын тексеріңіз.
182
Бап 13 Мəселелерді шешу
KKWW