HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide
Баспа картриджі мен бейнелеу барабанында
сақталатын деректер
Осы құрылғымен қолданылатын HP баспа картридждері мен бейнелеу барабанында
құрылғының жұмысына көмек беретін жад микросхемасы бар.
Қосымша, бұл жад микросхемасы өнімді пайдалану туралы ақпаратты жинайды, оның
құрамында төмендегілер болуы мүмкін: баспа картриджі мен бейнелеу барабанының алғаш
орнатылған күні, баспа картриджі мен бейнелеу барабанының соңғы қолданылған күні, баспа
картриджі мен бейнелеу барабаны арқылы басылып шыққан бе
ттер са
ны, бет түрлері,
қолданылған баспа режимдері, пайда болатын кез келген баспа қателері жəне өнім моделі. Бұл
ақпарат HP компаниясына болашақта тұтынушының баспа қажеттіліктеріне сəйкес өнім
жасақтау үшін көмектеседі.
Баспа картриджі мен бейнелеу барабаны жад микросхемасынан алынған деректер құрамында
баспа картриджі мен бейнелеу барабанының тұтынушысын немесе пайдаланушысын немесе
олардың өнімін анықтауға қолданылатын ақпарат жоқ.
HP
ко
мпаниясы HP компаниясының тегін қайтару жəне қайта қолдану бағдарламасына
қайтарылған баспа картридждері мен бейнелеу барабанынан алынған жад микросхемасының
үлгілерін жинайды (HP Planet Partners:
www.hp.com/recycle). Осы үлгіден алынған жад
микросхемасы болашақ HP өнімдерін жақсарту үшін оқылады жəне үйретіледі. Сондай-ақ, осы
баспа картриджі мен бейнелеу барабанын қайта өңдеуге көмектесетін HP серіктестері де осы
деректерді қолдану мүмкіндігіне ие болуы ықтимал.
Баспа картриджі мен бейнелеу барабанына ие болған кез келген үшінші тарап жад
микросхемасындағы құпия ақпаратқа қол жеткізуі мүмкін. Егер осы ақ
паратқа кі
руге рұқсат
бермеуді таңдасаңыз, микросхеманың істен шығаруыңызға болады. Дегенмен, микросхеманы
істен шығарғаннан кейін, жад микросхемасын HP өнімінде пайдалану мүмкін болмайды.
192
Қосымша B Қызмет жəне қолдау
KKWW