HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide
Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
Озон өндіру
Бұл өнім ешбір елеулі озон газын өндірмейді (O
3
).
Тұтынылатын қуат
Дайын жəне Күту режимі режимдерінде қуат тұтыну деңгейі айтарлықтай төмендеп, осы өнімнің
жоғары өнімділігіне əсер етпестен табиғи қорлар мен қаржыңызды үнемдейді. ENERGY STAR
®
жазуымен белгіленген Hewlett-Packard баспа жəне кескіндеу құрылғысы логотипі кескіндеу
жабдығына қойылатын АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің 'ENERGY STAR техникалық
шарттарына сай белгіленген. Келесі белгі ENERGY STAR жазуымен белгіленген кескіндеу
өнімдерінде болады:
Қосымша ENERGY STAR кескіндеу өнімі моделінің туралы ақпарат тізімі мына сайтта берілген:
www.hp.com/go/energystar
Қағаз пайдалану
Бұл өнімнің қолмен дуплекстеу мүмкіндігі (екі жағына басып шығару) жəне N-up басып шығару
(бір бетке бірнеше бетті басып шығару) қабілеті пайдаланылатын қағазды, соның нəтижесінде
табиғи ресурстарға деген қажеттілікті азайтады.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық
стандарттар бойынша белгіленген.
HP LaserJet принтерінің жабдықтары
HP LaserJet баспа картридждерін пайдаланудан кейін—тегін—HP ғаламдық серіктестері
арқылы қайтарып, қайта пайдалану оңай. Көп тілді бағдарлама туралы ақпарат пен нұсқаулар
əр жаңа HP LaserJet баспа картридждері мен жабдықтар орауышына қамтылады. Сіз бірнеше
картриджді бөлектемей бірге қайтарған кезде қоршаған орта шығындарын азайтуға көмектесіз.
KKWW
Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы
203