HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide

HP компаниясы өнімді жобалау мен өндіруден бастап, тарату, тұтынушының пайдалануы жəне
қайта пайдалануға дейінгі кезең ішінде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тапқыр, жоғары
сапалы өнімдер мен қызметтер ұсыну қағидасын ұстанады. HP компаниясының Planet Partners
(Ғаламшар Əріптестері) бағдарламасына қатысқаңызда, біз HP LaserJet принтеріңіздің баспа
картриджінің дұрыс қайта пайдаланылуын қамтамасыз етіп, оларды жаңа өнімдер шығаруға
арналған пластмасса мен металл етіп қалпына ке
лтіру үші
н өңдейміз жəне миллиондаған
тонна қалдықтарды қоқыс тастайтын жерге жеткізбейміз. Картридж қайта пайдаланылып, жаңа
материалдарда қолданылатындықтан, ол сізге қайтарылмайды. Қоршаған ортаға
жауапкершілікпен қарағаныңыз үшін рахмет!
ЕСКЕРІМ: Қайтару затбелгісін тек нағыз HP LaserJet баспа картриждерін қайтару үшін
пайдаланыңыз. Осы затбелгіні НР компаниясының сия картридждері, басқа компаниялардың
картриждері, қайта толтырылған не қалпына келтірілген картриждер немесе кепілдікке сəйкес
қайтару үшін пайдаланбауыңыз сұралады. HP компаниясының сия картридждерін қайта
пайдалану туралы ақпарат алу үшін
http://www.hp.com/recycle сайтына кіріңіз.
Қайтару жəне қайта пайдалану туралы ақпарат
Америка Құрама Штаттары мен Пуэрто-Рико
HP LaserJet тонерлі картридждің қорабына салынған затбелгі бір немесе бірнеше
пайдаланылған HP LaserJet баспа картриждерін қайтаруға жəне қайта пайдалануға арналған.
Төменгі нұсқауларды орындаңыз.
Көптік қайтарылымдар (бір картриджден көп)
1.
Əрбір HP LaserJet баспа картриджін өзінің қорабына жəне қапшығына салыңыз.
2.
Жəшіктерді байлайтын немесе орайтын таспамен бірге байлау керек. Бір қаптаманың
салмағы 31 кг (70 фунт) дейін болуы мүмкін.
3.
Бір ал
дын ал
а төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
НЕМЕСЕ
1.
Өзіңіздің ыңғайлы қорабыңызды пайдаланыңыз немесе
www.hp.com/recycle торабынан не
1-800-340-2445 телефоны арқылы тегін жинақтау қорабын сұратыңыз (HP LaserJet баспа
картридждерінің 31 кг (70 фунт) дейін салмағын көтереді).
2.
Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
Бір ғана картриджді қайтару
1.
HP LaserJet баспа картриджін өзінің қабына жəне қорабына салыңыз.
2.
Тасымалдау затбелгісін қораптың алдыңғы жағына жабыстырыңыз.
Тасымалдау
АҚШ пен Пуэрто-Рикода HP LaserJet баспа картридждерін қайта өңдеу үшін та
псырғанда,
қораптағы алдын ала төленген, мекенжайы алдын ала жазылған жіберу жапсырмасын
пайдаланыңыз. UPS жапсырмасын қолдану үшін, жеткізу немесе алып кету үшін келгенде,
орамды UPS жүргізушісіне беріңіз немесе өкілетті UPS қабылдау орталығына апарыңыз.
204
Қосымша D Нормативтік ақпарат
KKWW