HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide

Желіге бағдарламалық құрал ықшам дискісін
пайдаланып қосылу (тек желі үлгілерінде)
Құрылғыны сымды жəне сымсыз желілерге қосуға болады.
ЕСКЕРІМ: Бір уақытта сымды жəне сымсыз желіге жалғау мүмкін емес. Сымды байланыстар
басымдыққа ие.
Қолданылатын желілік хаттамалар
Желі үлгілері ең көп пайдаланылатын жəне қабылданатын желі протоколы болып табылатын
TCP/IP протоколына қолдау көрсетеді. Көптеген желілік қызметтер осы протоколды
пайдаланады. Бұл протокол тағы IPv4 мен IPv6 қолдайды. Келесі тізімдер өнімде қолдауы бар
желілік қызметтер/протоколдарды көрсетеді.
TCP/IP (IPv4 немесе IPv6)
Port 9100
LPR
DHCP
AutoIP
SNMP
Bonjour
SLP
WSD
NBNS
Өнімді сымды желіде орнату
IP мекенжайын конфигурациялау
Өнімнің IP адресін қолмен орнатуға болады немесе оны DHCP, BootP немесе AutoIP
протоколдары арқылы автоматты түрде конфигурациялауға болады.
Қолмен конфигурациялау
IPv4 протоколын ғана қолмен конфигурациялауға болады.
1.
Басқару тақтасындағы Орнату
түймешігін басыңыз.
2.
Желіні орнату параметрін таңдау үшін көрсеткі түймешіктерін пайдаланып, OK түймешігін
басыңыз.
3.
TCP/IP теңшеу параметрін таңдау үшін көрсеткі түймешіктерін пайдаланып, OK түймешігін
басыңыз.
KKWW
Желіге бағдарламалық құрал ықшам дискісін пайдаланып қосылу (тек желі үлгілерінде)
45