HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide

4.
Қолмен параметрін таңдау үшін көрсеткі түймешіктерін пайдаланып, OK түймешігін
басыңыз.
5.
IP мекенжайын енгізу үшін, көрсеткі пернелерді пайдаланып, OK түймешігін басыңыз.
6.
Егер IP мекенжайы қате болса, Жоқ опциясын таңдау үшін көрсеткі түймешіктерін
пайдаланып, OK түймешігін басыңыз. 5-қадамды дұрыс IP адресін енгізіп қайталаңыз,
содан кейін желі бөлігінің маскасы мен стандартты шлюз параметрлері үшін 5-қадамды
қайт
алаңыз.
Автоматты түрде конфигурациялау
1.
Басқару тақтасындағы Орнату
түймешігін басыңыз.
2.
Желіні орнату параметрін таңдау үшін көрсеткі түймешіктерін пайдаланып, OK түймешігін
басыңыз.
3.
TCP/IP теңшеу параметрін таңдау үшін көрсеткі түймешіктерін пайдаланып, OK түймешігін
басыңыз.
4.
Aвтоматты параметрін таңдау үшін көрсеткі түймешіктерін пайдаланып, OK түймешігін
басыңыз.
Автоматты IP адресі пайдалануға дайын болғанша бірнеше минут уақыт өтуі мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Егер белгілі бір IP режимдерін (мысалы, BOOTP, DHCP немесе AutoIP)
ажыратқыңыз немесе қосқыңыз келсе, осы параметрлерді HP Device Toolbox
(HP құрылғысының құралдар жинағы) бағдарламасын пайдаланып өзгертуге болады.
Бағдарламалық құралды орнату
1.
Компьютердегі барлық бағдарламалардан шығыңыз.
2.
Бағдарламалық жасақтаманы ықшам дискіден орнатыңыз.
3.
Бейнебетте көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
4.
Ұсынылғанда Сымды желі арқылы қосылу опциясын таңдап, одан кейін Келесі түймесін
басыңыз.
5.
Бар принтерлер тізімінен IP мекенжайы дұрыс болатын принтерді таңдаңыз.
6.
Аяқтаутүймесін басыңыз.
7.
Қосымша опциялар экранында қосымша бағдарламалық құрал орнатуға немесе Аяқтау
түймесін ба
с
уға болады.
8.
Басып шығаратын бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген
бағдарламадан бір бетті басып шығарыңыз.
Құрылғыны сымды желіде орнату
Өнімнің бағдарламалық құралын орнатпай тұрып, өнім желіге желі кабелі арқылы
жалғанбағанын тексеріңіз.
46
Бап 5 Өнімді жалғау
KKWW