HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса,
жүйе əкімшісінен сымсыз маршрутизатор желісінің параметрлерін алыңыз немесе келесі
тапсырмаларды орындаңыз:
●
Сымсыз желі атауын немесе SSID (қызметтер жиынтығының ұқсатқышы) алыңыз.
●
Сымсыз желі үшін қауіпсіздік кілтсөзін немесе шифрлау кілтін анықтаңыз.
WPS стандарты арқылы өнімді сымсыз желіге жалғау
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдаса, бұл
өнімді сымсыз желіге орнатудың ең қарапайым жолы.
1.
Сымсыз маршрутизатордағы «WPS» түймесін басыңыз.
2.
Өнімнің басқару панеліндегі Wireless (Сымсыз)
түймесін екі секунд басып тұрыңыз.
«Сымсыз байланыс» шамы жыпылықтағанша, түймені басып тұрыңыз.
3.
Өнім сымсыз маршрутизатормен байланыс орнатқанша, екі минут күтіңіз.
ЕСКЕРІМ: Бұл əдіс көмектеспесе, USB кабелі арқылы сымсыз желінінің параметрлерін
пайдаланып көріңіз.
Өнімді сымсыз желіге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса,
өнімді сымсыз желіде баптау үшін осы əдісті пайдаланыңыз. Параметрлерді тасымалдау үшін
USB кабелін пайдалану сымсыз байланыстың бапталуын жеңілдетеді. Баптау жұмысы
аяқталғаннан кейін USB кабелін ажыратып, сымсыз байланысты пайдалануға болады.
1.
Бағдарламалық құралды дискісін компьютердің дискіжетегіне салыңыз.
2.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Ұсынылған кезде Сымсыз желі арқылы қосылу
опци
ясын таңдаңыз. Ұсынылған кезде өнімге USB кабелін жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы ұсынбастан USB кабелін жалғамаңыз.
3.
Орнату аяқталған кезде өнімнің SSID атауы бар екенін тексеру үшін конфигурация бетін
басып шығарыңыз.
4.
Орнату аяқталған кезде USB кабелін ажыратыңыз.
Қазіргі уақытта желідегі сымсыз өнім үшін бағдарламалық құралды орнату
Өнімнің сымсыз желіде бұрыннан IP мекенжайы болып, компьютерге өнімнің бағдарламалық
құралын орнату керек болса, келесі қадамдарды орындаңыз.
1.
Өнімнің IP мекенжайын алу үшін өнімнің басқару панелінен конфигурация бетін басып
шығарыңыз.
2.
Бағдарламалық жасақтаманы ықшам дискіден орнатыңыз.
3.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
KKWW
Желіге бағдарламалық құрал ықшам дискісін пайдаланып қосылу (тек желі үлгілерінде)
47