HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide
4.
Ұсынылғанда Сымсыз желі арқылы қосылу опциясын таңдап, одан кейін Келесі
түймесін басыңыз.
5.
Қол жетімді принтерлер тізімінен IP мекенжайы дұрыс болатын принтерді таңдаңыз.
Сымсыз желіден ажырату
Егер сіздің өнімді сымсыз желіден ажыратқыңыз келсе, өнімдегі сымсыз құрылғыны өшіруге
болады.
1.
Өнімнің басқару панеліндегі Wireless (Сымсыз)
түймесін басыңыз, содан кейін жіберіңіз.
2.
Сымсыз құрылғының өшірілгенін тексеру үшін, конфигурация бетін басып, конфигурация
бетіндегі күйдің өшірілген болып көрсетілгенін тексеріңіз.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
●
Сымсыз құрылғыларды құжаттарды сақтайтын шкафтар сияқты көлемді темір заттардан,
сондай-ақ микротолқынды жəне сымсыз телефондар сияқты басқа да электромагниттік
құрылғылардан аулақ ұстаңыз. Бұл заттар радио сигналдарына кедергі болуы мүмкін.
●
Сымсыз құрылғыларды көлемді тастан қаланған жəне басқа құрылыс құрылымдарынан
аулақ ұстаңыз. Бұл заттар радио толқындарды сіңіріп,
сигнал күшін азайтуы мүмкін.
●
Сымсыз марштуризаторды желідегі сымсыз өнімдермен бір сызықта ортада
орналастырыңыз.
Кеңейтілген сымсыз байланысты орнату
Сымсыз байланыс режимдері
Екі сымсыз байланыс режимінің біреуін пайдалануға болады: инфрақұрылым немесе тар сала.
48
Бап 5 Өнімді жалғау
KKWW