HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide

6.
Ескі баспа картриджінің ортасындағы
тұтқадан ұстап, қорғаныс пластик
қаптамасын шығарыңыз.
ЕСКЕРІМ: Баспа картриджінің
роликтеріне тиіспеңіз. Роликте қалған
саусақ іздері баспа сапасына кері əсер
етеді.
7.
Баспа картриджінен жапсырма таспаны
алыңыз. Қайта өңдеу мақсатында қайтару
үшін, таспаны баспа картриджінің
қорабына салыңыз.
8.
Ортасындағы тұтқасынан ұстап, баспа
картриджін құрылғыға салыңыз.
ЕСКЕРІМ: баспа картриджінің түсі бұру
механизмінің позициясына сəйкес келетінін
тексеру үшін баспа картриджіндегі түсті
жапсырманы бұру механизмінің ұясындағы
түсті жапсырмамен салыстырыңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер тонер киіміңізге тисе, оны
құрғақ шүберекпен сүртіп алып, киімді суық
суға шайыңыз. Ыстық су тонерді матаға
жабыстырады.
9.
Баспа картриджінің есігін жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: Баспа картриджінің есігін
жапқаннан кейін, басқару тақтасында
Calibrating... (Мөлшерленуде...) хабары
көрсетіледі. Құрылғының мөлшерлеуді
орындап болғанша бірнеше минут күтіңіз.
ЕСКЕРІМ: баспа картриджін ауыстырған
жағдайда, келесі баспа картриджінің
Картридж
түймесін баспас бұрын баспа
картриджінің есігін жабу керек.
Екінші баспа картриджін алмастырғанда
өнімнің мөлшерлеу жасауын күтпей-ақ
қоюға болады. Немесе бұру механизмін
орнына келтіру үшін Картридж
түймешігін басыңыз. Баспа картридждерін
алмастырғаннан кейін өнім мөлшерлеу
жасайды.
KKWW
Баспа картридждері мен бейнелеу барабанын басқару
69