HP LaserJet Pro 100 Color MFP M175 - User's Guide

қайтарылымдарға қосымша жапсырмалар мен қораптарға тапсырыс беру үшін, www.hp.com/
recycle торабына кіріңіз немесе 1-800-340-2445 нөміріне қоңырау шалыңыз. Ақпарат ескертусіз
өзгертілуі мүмкін.
Баспа картриджін жəне бейнелеу барабанын сақтау
Баспа картриджі немесе бейнелеу барабанын пайдалануға дайын болғанда ғана орамынан
шығару керек.
HP компаниясының HP емес жабдықтарға қатысты саясаты
Hewlett-Packard компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген басқа компаниялардың баспа
картридждерін жəне бейнелеу барабандарын пайдалануды ұсынбайды.
ЕСКЕРІМ: HP принтерінің өнімдерінде, HP емес баспа картриджін немесе қайта толтырылған
баспа картриджін пайдалану тұтынушыға берілген кепілдікке де, тұтынушымен жасалған кез
келген HP қолдау келісіміне əсер етпейді. Алайда, өнім HP емес баспа картриджіне немесе
қайта толтырылған баспа картриджіне байланысты бұзылған немесе зақымданған болса,
HP компаниясы сол бұзылуды немесе зақымды жөндеу үшін қалыпты уақыт пен
материалдардың ақысын алады.
алдау оқиғасы жөнінде хабарлау үшін НР жедел байланыс желісі жəне
Web-сайты
Егер сіз HP басып шығару картриджін орнатсаңыз жəне басқару панелінің хабары картридждің
НР шығармағанын көрсетсе, алаяқтық оқиғасы жөнінде НР жедел байланыс желісі арқылы
хабарлаңыз (1-877-219-3183, Солтүстік Америкада тегін) немесе
www.hp.com/go/anticounterfeit
торабын пайдаланыңыз. HP компаниясы картридждің шынайы екендігін анықтауға көмектеседі
жəне проблеманы шешу үшін шаралар қолданады.
Егер сіз төмендегілерді байқап қалсаңыз, сіздің басып шығару картриджіңіз шынайы HP басып
шығару картриджі болмауы мүмкін:
Жабдықтар күй беті HP емес немесе пайдаланылған жабдық орнатылғанын көрсетеді.
Басып шығару картриджін пайдаланғанда проблемалар көп кездеседі.
Баспа картриджі түрі үйреншікті түрінен өзгеше (мы
салы, қорап HP қорабынан өзгеше).
KKWW
Баспа картридждері мен бейнелеу барабанын басқару
75